«KEGOC» АҚ: Жол картасы бойынша көшпелі сессия

Қазақ

        2016 ж. 15 ақпанда «KEGOC» АҚ-ның орталық кеңсесінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтің және Компания қызметкерлерінің  қатысуымен 2016 жылға арналған Трансформацияның жол картасын талқылау жөнінде көшпелі  сессия болып өтті.

      Ө. Шөкеевөзінің баяндамасында Трансформация бағдарламасының адамдар,процестер, технологиялар сынды үш негізгі құрамдасы туралы әңгімеледі. Қатысқандардың назары трансформацияның барлық  процесі үшін қозғаушы күш ретіндегі бірінші құрамдас бөлікке аударылды. «Бәсекелестік талабы артқан жағдайында барлық портфельдікомпаниялар трансформацияның ғаламдық мақсаттарына  жетуге шоғырлануы тиіс. Бұл тек бүкіл қызметкерлер өзгерістерді  қабылдап түйсінгенде ғана мүмкін болады», - деп мәлімдеді Шөкеев мырза. ОлБ. Қажиевке Компанияның негізгі  процестері бойынша бекітілген 9референстік модельді тапсырды.

     Келесі кезекте «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы:«Компания өз қызметінің тиімділігін арттыру аясында жеткілікті тәжірибеге ие. Сондықтан «Самұрық-Қазына» АҚ-ның  Бизнестрансформациясы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бастамасын Компания біздің осы бағыттағы күш-жігеріміздің қисынды жалғасы ретінде қабылдады» деп атап өтті. Б.Қажиевтің сөзі бойынша трансформация шеңберінде «KEGOC» АҚ-ның даму стратегиясын оны трансформацияның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келтіру үшін пысықтау, тұтқалы қызмет көрсеткіштерінің (ТҚК) өзегін әзірлеу, бизнес-процестердіреинжинирингілеу және Компанияның жаңа ұйымдық құрылымын қалыптастыру жоспарланған.

   Трансформация бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша Компания үздік халықаралық іс-тәжірибе талаптарына сәйкес, бизнес-процестер мен ұйымдық құрылымды оңтайландыру, біріктірілген басқару жүйесі мен корпоративтік  ұдайы жетілдіру мәдениетін құру есебінен өз қызметінің тиімділігін арттыруға сенімі бол.

    Кездесу барысында қол қою және «KEGOC» АҚ Басқармасы төрағасының 2016 жылға арналған бизнесті трансформациялау саласына жеке қатысу жоспарын тапсыру рәсімі болып өтті, ол бизнес трансформациясы бағдарламасының жол картасындағы түйінді нәтижелерін қамтиды.