«KEGOC» АҚ жыл сайынғы республикалық және аймақтық БАҚ арасындағы шығармашылық байқаудың қорытындысын шығарды

Қазақ

«KEGOC» АҚ жыл сайынғы Қазақстанның Ұлттық электр энергетикасы жүйесін дамыту және «KEGOC» АҚ инвестициялық жобаларының өзекті мәселелерін жазған үздік материалдарға жарияланған республикалық және аймақтық БАҚ арасындағы шығармашылық байқаудың қорытындысын шығарды. 

2018 жылы байқау комиссиясының қарауына байқау тақырыбына сәйкес қазақстандық БАҚ-та (интернет-БАҚ қосқанда) жарық көрген  115 жарияланым ұсынылды. Олардың ішінен мазмұны жағынан байқауды өткізу талаптарына жауап беретін 83 материал таңдап алынды. 

Баяндау ерекшелігі мен жанрларына сәйкес, кәсіби шеберліктерін, өзектілігін, материалдардың маңыздылығын ескере отырып, Комиссия байқауды өткізу тәртібіне сәйкес 10 (он) аталымды анықтап, келесі журналистер мен басылымдардың жұмысын үздік деп тапты: 

1) «Жүйелілік және деректілік» аталымы бойынша – «Капитал.кз» іскери порталының редакциясы;

2) «Аймақтық шолу» аталымы бойынша – Қуаныш Есқабыл, «Қостанай таңы» Қостанай облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі; 

3) «Жедел ақпарат» аталымы бойынша – «Bnews» ақпарат агенттігінің редакциясы; 

4) «Ақпараттық шолу» аталымы бойынша – «Хабар» телеарнасының редакциясы; 

5) «Ақпараттық әріптес» аталымы бойынша – Еркежан Айтқазина, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі;

6) «Өзектілік» аталымы бойынша – Светлана Абенова, «Казахстанская правда» республикалық газетінің тілшісі; 

7) «Ақпараттық қолдау» аталымы бойынша – «Литер» республикалық газетінің редакциясы; 

8) «Өзекті жарияланым» аталымы бойынша – Данияр Серіков, «Atameken Business» ақпараттық порталының тілшісі; 

9) «Үздік талдау» аталымы бойынша – «Forbes.kz» іскери журналының редакциясы; 

10) «Қырағы назар» аталымы бойынша – «Курсивъ» газетінің редакциясы.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен естелік дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, шығармалық табыстар тілейміз!