«KEGOC» акционерлерінің назарына

Қазақ

Құрметті акционерлер!

2018 жыл қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу жоспарланып отырғанына байланысты (Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының 2019 жылғы 3 мамырдағы шешімі) Сіздер дивидендтерді уақтылы алу үшін «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» АҚ-ға қолданыстағы банктік деректемелеріңізді өткізулеріңіз қажет екеніне назар аударуды сұраймыз. Ол үшін Сіздер өз Брокеріңізге немесе тікелей «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» АҚ-ға хабарласуыңыз қажет.  

Егер дивиденд төлеген сәтте «Бағалы қағаздардың Орталық депозитариі» АҚ акционерлерінің тізілімінде жаңартылмаған банктік деректемелер көрсетілген болса, дивидендтер акционерлердің қолданыстағы банктік деректемелерін анықтағаннан кейін төленетін болады.     

Банктік деректемелері жаңартылмауы себепті дивидендтер алмаған акционерлер өз брокеріне, «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» АҚ-ға немесе   «KEGOC» АҚ Инвесторлармен байланыс жөніндегі департаментіне хабарласуы қажет.

Сонымен қатар Сіздер «KEGOC» АҚ сайтында http://www.kegoc.kz/ru/investoram-i-akcioneram/voprosy-i-otvety сілтемесі арқылы жиі қойылатын сұрақтармен және жауаптармен таныса аласыздар.    

Қосымша сұрақтар бойынша Сіздер «KEGOC» Инвесторлармен байланыс жөніндегі департаментке 8(7172)690 298 (дүйс-жұм, 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін) телефоны немесе  Shugayev@kegoc.kz электрондық почтасы арқылы хабарласа аласыздар.

www.kegoc.kz сайты арқылы жаңалықтар таратылымына жазылып, «KEGOC» АҚ соңғы жаңалықтарымен таныс болыңыздар.