«КEGOC» Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары

Қазақ

2017 жылғы 12 мамырда  «KEGOC» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы болып өтті, ол жерде мына мәселелер қаралды:

1) Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымдық тұлғаларының әрекеттерінеқатысты өтініштері;

2) жылдық қаржылық есептемені, таза кірісті бөлу, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу тәртібін бекіту және «KEGOC» АҚ 2016 жылғы бір жай акциясына есептегенде дивидендтердің мөлшері туралы;

3) «KEGOC» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы;

        4) «Н KEGOC 00-201-17-АЖЖ Нұсқаулық. «KEGOC» АҚ акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында сатып алған кезде акциялар құнын анықтау әдістемесін» жаңа редакцияда бекіту туралы;

         5) «Қ KEGOC АД-341-16-АЖЖ Қағида. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін іріктеу мен сайлау» қағидаларын бекіту туралы;

6) «Қ KEGOC АД-311-16-АЖЖ Қағида. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу» қағидаларын жаңа редакцияда бекіту туралы.

Акционерлер KEGOC 2016 жылғы қаржылық есебін бекітті, оған сәйкес компанияның шоғырландырылған таза кірісі 27,6 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен таза кірістің 50% KEGOC жай акцияларын ұстаушыларының барлығының арасында бөлінеді. Бұл ретте, 2016 жылғы қаржылық есептемеде пайда бүкіл бір жылдағы өспелі қорытындысымен көрсетілуі және 2016 жылғы бірінші жарты жылдықта 6,5 млрд.  теңге  көлемінде дивидендтер төленуі себепті бөлінетін сома 2016 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша төленген дивидендтер мөлшеріне азаяды.

Осылайша, Қоғамның жай акцияларын ұстаушылардың барлығына  төленетін дивидендтердің жалпы сомасы 7,3 млрд.  теңгені құрайды, бұл бір жай акцияға есептегенде 28,13 (жиырма сегіз мың он үш тиын) теңгені құрайды.

Қоғамның жай акциялары бойынша 2016 жыл қорытындысымен дивидендтерді алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2017 жылғы 22 мамыр 00 сағат 00 минуттағы жай-күйі бойынша тіркеледі. Дивидендтерді төлеу басталатын күн - 2017 жылғы 23 мамыр.

Сонымен қатар, Акционерлердің жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда және басқа да ішкі нормативтік құжаттарын бекітті.