KEGOC Еуразия Қайта құру және Даму Банкінің қарызы бойынша мерзімінен бұрын ішінара төлем жүргізді

Қазақ

Борыштық жүктемені азайту мақсатында «KEGOC» АҚ «Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту, 2-кезең» инвестициялық жобасын іске асыру үшін Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің 2008 жылы тартылған 228,41 млн. еуро мөлшеріндегі қарызы бойынша 2018 жылғы 23,8 млн. еуро мөлшеріндегі екі жарты жылдық төлемді 2017 жылғы 7 тамызда мерзімінен бұрын өтеді.  

«Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту, 2-кезең» жобасының мақсаты Ұлттық электр торабының сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, электр энергиясы нарығының жұмыс істеу тиімділігін, тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігі мен сапасын, жоғары вольттық жабдықтардың техникалық және экологиялық қауіпсіздігін арттыру, жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалатын пайдалану шығындарын азайту болып табылады.

10 тамыздағы жай-күй бойынша негізгі борыштың өтелетін қалдығы 87 млн. еуроны құрайды.