KEGOC құрылғанына 20 жыл толуына және «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған халықаралық конференция өткізді

Қазақ

2017 жылғы14 шілдеде Астанада «Электр энергетикасы жүйесінің дамуы-мәселелері мен келешегі»халықаралық конференциясы өтті. Астана қаласында өтіп жатқан «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің арқасында бар әлемге әйгілі болған болашақтың энергиясы жаһандық трендіне орай, сондай-ақ KEGOC компаниясының 20 жылдығына арналған конференциясының ұйымдастырушысы «KEGOC»АҚ болып табылады.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктер мен ведомостволардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және оның еншілес компанияларының, салалық электр энергетикалық ұйымдардың және ірі энергетикалық компаниялардың өкілдері, ҚР жетекші университеттерінің ғалымдары қатысты. Сонымен қатар конференцияға қатысу үшін Астанаға 26 шет елдің электр желілік компанияларының өкілдері, соның ішінде TEPCO, NJK (Жапония), State Grid Corporation of China (ҚХР), Fingrid (Финляндия), TEIAS (Түркия), TERNA (Италия), 50Hertz (Германия), (APS Energia (Польша). Конференция жұмысына  ЕБРР, МБРР жетекші қаржы даму институттарының және Азия даму банкі өкілдері қатысты.

Пленарлық отырысты аша келе, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев құрылғанына 20 жыл толған«KEGOC» АҚ  Ұлттық электр торабын көлемді жаңғырту,  3 мың километрден астам  500-220кВ кернеулі желінің салынуы, ТМД энергия бірлестігінің құрамында Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысының жүзеге асырылуы сияқты ұзақ жолдан өткендігін  атап өтті.

Бүгінгі күні KEGOC компаниясыҚазақстан электр энергетикасындағы жүйе құраушы ұйым және сонымен қатар жаңа жабдықпен жабдықталған, Еуропаның жетекші салалық оқу орталықтарында оқыған жоғары білікті мамандары бар кемелді электр энергетикалық компания болып табылады.

Сонымен қатар, компания ұжымы оқуды және дамуды жалғастыруда, жаңа және тез өзгеретін сыртқы жағдайларда электр энергетикасын дамытудың әлемдік тәжірибесін зерттейді.

KEGOCжетекшісі ұзақ мерзімді перспективада электр энергетиканың дамуы болып болжанатын кейбір бағыттарды белгіледі:

- жаңартылатын энергияның дамуы, электр энергиясын өндіру мен тұтыну энергия тиімділігінің артуы;

- электр энергетикасының зияткерленуі;

- электр энергетикалық жүйелерді халықаралық біріктіру.

Іс-шараға қатысушылар электр энергетикалық жүйелерді дамыту саласындағы ақпараттармен алмасты, жаңартылатын энергия көздерін қолдану саласындағы тәжірибені біріктірді, жаңа техника мен технологияны қолданудың мәселелері мен келешегін талқылады.

Сонымен қатар конференция шеңберінде электр энергетикасы саласын басқару және дамытудың  үздік әлемдік тәжірибелерін, жаңартылатын энергия көздерін дамытудың  өзекті мәселелерін отандық және шетелдік электр желілік компанияларымен талқылау бойынша  дөңгелек үстелдер өткізілді