KEGOC-тың корпоративті басқару рейтингісі – 65,7 пайыз

Қазақ

12.11.2012

KEGOC-тың корпоративті басқару рейтингісі – 65,7 пайыз

«KEGOC» АҚ-ның  корпоративті басқару деңгейі 65,7 рейтингтік пунктіге көтерілді. Бұл – «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС тәуелсіз консалтингтік ұйымының корпоративті басқару жүйесі диагностикасының нәтижесіне қарап берген бағасы. Әрі бұл – Қазақстандағы айтарлықтай жоғары баға.
«KEGOC» АҚ корпоративті басқару деңгейінің әлемдік тәжірибеге сәйкестілігі бойынша жасалған талдау «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тапсырысы бойынша жүргізілді. Бұл талдау 2010 жылдың 1 қаңтары мен 2012 жылдың 30 қыркүйегі аралығын қамтыды. Бұған дейін жүргізілген диагностика нәтижесіне (2009 жылы 55,4 пайыз) қарағанда KEGOC бұл бағытта айтарлықтай тұрақты өсімге қол жеткізген.
Соңғы бірнеше жыл ішінде компания корпоративті басқару тәжірибесін жетілдіру бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Бұл бағытта әсіресе, жалғыз акционер мен компанияның директорлар кеңесі тындырған шаруа шаш етектен. Корпоративті басқарудың «Үдерістер»  мен «Ашықтық» тәрізді құрамдас бөліктері бойынша анағұрлым ілгері басу байқалады.
Бұл диагностиканың мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ топтарындағы еншілес компанияларда корпоративті басқарудың тиімділігін арттыру. Бұған үздік тәжірибеге негізделген корпоративті басқару жүйесінің бағасы мен дамуына құрылымды және жүйелі түрде әсер ету арқылы қол жеткізуге болады.