«KEGOC»АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалы командасы Бригадалардың 110 кВ және одан жоғары ӘЖ қызмет көрсету және жөндеу бойынша ХІІ халықаралық жарысында еліміздің намысын қорғауда

Қазақ

22.09.2015

«KEGOC»АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалы командасы Бригадалардың 110 кВ және одан жоғары ӘЖ қызмет көрсету және жөндеу бойынша ХІІ халықаралық жарысында еліміздің намысын қорғауда

21 қыркүйекте Брест қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД қатысушы-мемлекеттері электр энергетика саласындағы персоналдарының кәсіби шеберліктерінің ХІІ халықаралық бәсекесі – Бригадалардың 110 кВ және одан жоғары ӘЖ қызмет көрсету және жөндеу бойынша ХІІ халықаралық жарысы басталды. Онда 6 мемлекеттен: Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қызғыз Республикасы, Ресей Федерерациясы және Өзбекстан Республикасынан келген командалар қатысуда.

Қазақстанның атынан «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалының командасы қатысуда, команда құрамында Сергей Терентьев, Александр Лисицкий, Айдар Кодорменов, Николай Киселев және Берік Қалымов бар . Командаға «Ақмола ЖЭТ» филиалы бас инженерінің орынбасары Берік Адамов жетекшілік етеді.

Жарыс 6 кезеңге бөлінген, команда мүшелері электр жеткізу желілеріне қызмет көрсету және жөндеу, биіктікте жұмыс істеу, дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету бойынша өз шеберліктерін танытады, сонымен қатар теориялық білімдері тексеріледі.