Қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат

Қазақ

13.04.2015

Қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат

 «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №150 бұйрығымен бекітілген  табиғи монополия  субъектісінің тұтынушылар мен өзге  мүдделі адамдар алдында  реттелетін қызметтерді (тауарлар, жұмыстар) көрсету жөніндегі  қызметі туралы  жыл сайынғыесеп беруін өткізу ережесінің 8-тармағын орындау үшін өзінің интернет – ресурсында 2015 жылғы 21 сәуірде Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59-ғимарат мекенжайы бойынша, 1-қабаттағы конференц-залда өткізілетін «KEGOC» АҚ-ның 2014 жылғы  қызметінің  жыл сайынғы есебі бойынша алдағы тыңдау процесінде  ашып көрсетуге жататын  мынадай ақпаратты орналастырады:

1) инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) соның ішінде уәкілетті орган ведомствосыбекіткен  инвестициялық жобалардың орындалуы туралы;

2) есепті кезеңдегі  табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;

3) есепті кезеңде көрсетілген реттелетін қызметтердің (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы;

4) реттелетін қызметтерді (тауарлар, жұмыстар) тұтынушылармен  жүргізілетін жұмыстар туралы;

5) уәкілетті орган ведомствосыбекіткен есепті кезеңдегі тарифтік сметаның  баптар бойынша орындалуы туралы;

6) перспективадағы қызмет (даму жоспары), соның ішінде реттелетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) болуы мүмкін тариф өзгерістері туралы.

«KEGOC» АҚ 2014 жылғы қызметінің нәтижелері