Қоғамдық тыңдаулардың қорытындылары

Қазақ

«KEGOC» АҚ 2019 жылғы 30 шілдеде бекітілген тарифтік сметаларды орындау туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы, сапа көрсеткіштерін және реттелетін қызметтердің сенімділігін сақтау туралы және «KEGOC» АҚ-ның қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы тұтынушылар мен өзге мүдделі адамдар алдында 2019 жылғы 1- жартыжылдық бойынша есеп беру жөніндегі тыңдалымы өткізілді.

«KEGOC» АҚ сөйленген сөздерде мынадай ақпарат қамтылды:

- инвестициялық бағдарламалардың және соның ішінде уәкілетті орган ведомствосы бекіткен  инвестициялық жобалардың орындалуы туралы;

- есепті кезеңдегі  табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;

- есепті кезеңде көрсетілген реттелетін қызметтердің көлемдері туралы;

- реттелетін қызметтерді тұтынушылармен  жүргізілетін жұмыстар туралы;

- уәкілетті орган ведомствосы бекіткен есепті кезеңдегі тарифтік сметалардың  баптар бойынша орындалуы туралы;

- перспективадағы қызметі (даму жоспары), соның ішінде реттелетін қызметтерге болуы мүмкін тариф өзгерістері туралы.

2019 жылғы 1-жартыжылдық қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы «KEGOC» АҚ есеппен түсіндірмесімен қоса.

2019 жылғы 1-жартыжылдық қорытындылары бойынша  бекітілген ТС мен ИБ орындалуы туралы «KEGOC» АҚ есебі;

Ереженің 13-тармағының әрбір тармақшалары бойынша  негіздемелері;

Тарифтік сметаның  баптарын  орындау бойынша түсіндірме.