Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму бойынша алғашқы қазақстандық салалық бизнес құралдың тұсаукесері

Қазақ

11.06.2014

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму бойынша алғашқы қазақстандық салалық бизнес құралдың тұсаукесері

Астана, 11 маусым 2014 жыл

Астана, 2014 жылғы 11 маусымда «КӘЖ – электр энергетикалық компаниялар үшін: бизнес тиімділігін артырамыз» атты бизнес құралының тұсаукесері өтті.

«KEGOC» АҚ «КӘЖ – электр энергетикалық компаниялар үшін: бизнес тіимділігін арттырамыз» атты тұңғыш бірегей салалық бизнес құралын жарыққа шығарды. Аталған жобаның жүзеге асырылуы «KEGOC» АҚ-ның Ұлттық компания ретінде электр энергетикалық кәсіпорындардың КӘЖ қағидалары мен идеялары туралы хабардар болуын арттыру арқылы еліміздің және саланың тұрақты дамуына өзіндік үлес қосуы болып табылады.  Бұл бәселестік қабілеттілікті арттыру мен тұрақты дамуды қолдаудағы қажетті шарт.

Бірнеше мәрте жүргізілген арнайы зерттеулер Қазақстандағы бизнес өкілдерінің негізгі КӘЖ қағидалары туралы білетін мәліметінің аздығын, сондай-ақ түрлі мүдделі топтардың (мемлекет, бизнес және азаматтық алаң) КӘЖ қағидалары туралы бірыңғай түсінігі жоқтығын көрсетті. Сондықтан, «KEGOC»  АҚ компаниясы «Қазақстанның электр энергетика саласындағы компаниялар арасында корпоративтік әлеуметтік  жауапкершілік (КӘЖ) және тұрақты даму қағидаларын ілгері жылжыту мен дамуына ықпалдасу» жобасына бастамашы болды. Қазақстандық бизнестің бәсекелестік қабілетін арттыру және еліміздің тұрақты дамуына ықпалдаса отырып, КӘЖ құралдарын тәжірибеде тиімді қолдану үшін осы олқылықтардың орнын толтыру аса қажетті жағдай. 

Аталған жобаны жүзеге асырушы – Орталық Азияның Еуразия қоры. Қазақстандық контент үшін бизнес құралын дайындау барысында Қор тарапынан Қазақстанда (2013 жыл) тұрақты даму және КӘЖ саласындағы ең үздік тәжірибе/жобаларға арнайы байқау өткізілді. Бизнес-оқу құралының тиісті бөлімдерінде тәуелсіз эксперттік комиссияның таңдауымен он үздік корпоративтік тәжірибе мен жоба үлгі ретінде жарияланды. Байқаудың жеңімпаздары алдағы Дөңгелек үстел барысында анықталады.  

Бизнес құралдың алғашқы таралымы 1500 көшірмеден тұрады. Бұл көмекші құрал қазақ және орыс тілдерінде басылды. Сонымен бірге, «KEGOC» АҚ компаниясының www.kegoc.kz сайтында жарияланды.

«KEGOC» АҚ компаниясы аталған жобаның Қазақстанда жалпы және экономиканың электр энергетикалық саласына инвестиция тарту және бәсекелестік қабілетін арттыру үшін корпоративтік басқаруда КӘЖ стандарттарын тиімді қолдану мен қазақстандық мамандарды дайындауға ықпал етеріне сенімді. Бизнес құралды мүдделі компаниялар КӘЖ стратегиясын әзірлеуде нұсқау ретінде пайдалана алады.

«Қазақстандағы Корпоративтік Әлеуметтік Жауапкершілік: жағдаят, мәселелер және даму жолдары», Сандж зерттеу орталығы (2013); «Қазақстандағы әлеуемттік жобалар және КӘЖ даму жолдары және ахуалы», ПРООН (2008).

 Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан  біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) жүйелік операторы функцияларын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компанияның теңгерімінде Қазақстанның ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 35,9 ГВА 76 электрлік қосалқы  станциясы бар. Компанияда  4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Егжей-тегжейлі ақпарат  www.kegoc.kz сайтында.

Баспасөз үшін байланыстар

Алмагүл Жакеева
тел.: +7(7172) 690 468
pressa@kegoc.kz

 



..