Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы «KEGOC» АҚ-ның қызметкерлерімен кездесті.

Қазақ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының қызметкерлерімен кездесті. Ол кездесуге қатысушыларды ашықтық, қол жетімділік және айқындық сияқты ұғымдармен байланысты Агенттіктің жұмыс істеу қағидаттары, тұтастай алғанда мемлекеттік қызмет туралы хабардар етті. 

Қазіргі уақытта Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуына және анықталған проблемаларды шешу жолдарына талдау жүргізуде. Азаматтардың мемлекеттік қызметтің сапасыз ұсынылуы  жөніндегі сұрақтары жедел шешімін табуда.

Өткен жылдан бастап Департамент елорда әкімдігімен бірлесе тұрмыстық жемқорлықты түбірімен жоюға және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Астана-адалдық алаңы» жобасын іске асыруда. Аталған жоба тұңғыш Президенттің бүкіл Республикада елорда тәжірибесін тарату туралы тапсырмасы айтылған жолдауында қамтылды.