Moody's агенттігі мемлекет қатысатын бес қазақстандық компания (GRI) бойынша болжамды оң болжамға өзгертіп, рейтингін растайды

Қазақ

Рейтингтік іс-қимыл: Moody's агенттігі мемлекет қатысатын бес қазақстандық компания (GRI)  бойынша болжамды оң болжамға өзгертіп, рейтингін растайды  

Қазақстанның егемен рейтингін Baa3 деңгейінде растап, болжамды тұрақтыдан оң болжамға өзгерткеннен кейін  

Лондон, 2019 жылғы 22 тамыз - Moody's Investors Service («Moody's») агенттігі бүгін мұнай-газ және коммуналдық сектордағы бес қазақстандық мемлекеттік эмитент (GRI) бойынша болжамды тұрақтыдан оң болжамға өзгертті. Сонымен қатар Moody's осы барлық GRI рейтингтерін растады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ), «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚTГ) және Орталық Азия Интергаз (ОАИ) компанияларының кредитке қабілеттігі бойынша базалық бағасы (ВСА) бір саты жоғарылады. «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚTO) және Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының (KEGOC) ВСА расталды. Барлық қамтылған GRI үшін осы рейтингтік іс-қимыл нәтижесінде оларды қолдау және тәуелділігі туралы пайымдар өзгеріссіз қалып отыр.     

Бүгінгі рейтингтік іс-қимылдар 2019 жылғы 22 тамызда болған Қазақстан үкіметінің егемен рейтингі бөлігіндегі рейтингтік іс-қимылдан кейін келіп отыр, онда Moody's агенттігі эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингін және Қазақстанның қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттері рейтингтерін Baa3 деңгейінде растап, тұрақты болжамды оң болжамға өзгертті. Қосымша ақпаратты мына https://www.moodys.com/research/--PR_402812 сілтеме арқылы тиісті хабарландыруда берілген.