«Нұр Отан» партиясы «KEGOC» АҚ бастауыш партия ұйымының кезекті жиналысы

Қазақ

«KEGOC» АҚ «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымының  кезекті жиналысы 2016 жылғы  16 маусымда Бастауыш партия ұйымының  төрағасы, «КЕGОС» АҚ Басқарма төрағасы Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлының басшылығымен өтті.

«KEGOC» АҚ Бастауыш партия ұйымы партия жиналысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді және қаралды: «Нұр Отан» партиясына  жаңадан қабылданған мүшелеріне партия билеттерін тапсыру, «KEGOC» АҚ Бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасарын сайлау, «KEGOC» АҚ Бастауыш партия ұйымының 2015 жылғы жұмысының қорытындылары. Партия жиналысының жұмысына «Сұрақ-жауап» тікелей интерактивтік сессиясының  қызықты форматына қатысқан «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы  төрағасының орынбасары Сергеев Владислав Алексеевич қатысты.

«KEGOC» АҚ «Нұр Отан» партиясы Бастауыш партия ұйымы төрағасының жұмыс қорытындылары туралы есебі бойынша, «ЖО ҰДО» және «Ақмола ЖЭТ», сондай-ақ «Энергоиформ» АҚ жанындағы  партия топтары басшыларының берген есептері бойынша БПҰ жұмысы  қанағаттанарлық деп танылды. 

«KEGOC» АҚ Бастауыш партия ұйымының бюросына, партия топтарына  партияның негізгі бағдарламалық құжаттарына сәйкес  жүйелі негізде  өз жұмысын жалғастыру, қызметкерлердің азаматтық ұстанымына, қоғамдық белсенділігіне, сондай-ақ кандидаттардың іскерлік және кәсіби шеберлігіне аса мән бере отырып, өз қатарларын толықтыру жұмыстары тапсырылды. «KEGOC» АҚ-да «Жас Отан» - «Жас GRID» Жастар қанаты кеңесі Компанияның әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде  жұмыс істейтін  неғұрлым белсенді жастарды  қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени және спорт жұмысына қатыстыра отырып,  өз жұмысын жалғастыру қажет. «KEGOC» АҚ Бастауыш партия ұйымы алдағы уақытта қызметкерлер  ұйымның алға қойған міндеттерін шешуге қатыса алатын ішкі ортаны құруға және оған қолдау көрсетуге ниетті,  оның негізгі қағидаттары «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық құжаттарында баяндалған.