Орталық Азияның БЭЖ-дегі авария 2200 мегаватт көлеміндегі шектеулерді туындатты

Қазақ

27.11.2011

Орталық Азияның БЭЖ-дегі авария 2200 мегаватт көлеміндегі шектеулерді туындатты

 Үстіміздегі жылғы 27 қарашада сағат  10.20-да (Астана уақыты бойынша) Қырғызстан энергия жүйесіндегі «Тоқтағұл ГЭС - Бішкек» телімінде 500 кВ-тық әуе желісінің, ал  сағат  10.25-те – Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы мемлекетаралық 500 кВ-тық «ТашМАЭС-Шымкент 500»  ӘЖ-нің авариялық ажыратылуы болды.

   Аварияның каскадтық сипаты, ары қарай қуаттың  артуы мен аварияға қарсы автоматиканың жұмысы нәтижесінде “Қазақстанның Солтүстігі – Оңтүстігі” транзиті ажыратылды.

Қазақстан БЭЖ-нің оңтүстік бөлігін электрмен жабдықтаудағы қысқа мерзімдік шектеулер 912 МВт-қа жетті және  Алматы, Жамбыл, Шымкент пен Қызылорда облыстарының тұтынушыларына да өз әсерін тигізді.

ОА БЭЖ-де энергия тұтынуды шектеу  1287 МВт-ты құрады («Өзбекэнерго» МАҚ - 925 МВт, «Қырғызэнерго» ААҚ - 362 МВт).

Жүйелік оператордың жедел қызметтегі жұмыскерлерінің іс-қимылдары арқасында сағат 10.49-да  Оңтүстік аймақтың ОА БЭЖ-мен және Қазақстан БЭЖ-мен жұмысы жалғасты. Алматы энергия торабының энергиямен жабдықтау тәсімі Астана уақытымен сағат  11.32-де қалпына келтірілді.

2011/2012 жж. Қазақстанның біртұтас энергия жүйесі (БЭЖ) шекарасында  мемлекетаралық сальдо ағынын сақтамау, қуатты бөліп алу және Орталық Азия  Біріккен энергия жүйесінің (БЭЖ) орнықсыз қатарлас жұмыс істеу оқиғалары тіркелді.