Рейтингтік іс-қимыл: Moody’s KEGOC-тың Ваа3 деңгейіндегі рейтингін растайды

Қазақ

Рейтингтік іс-қимыл: Moody’s KEGOC-тың Ваа3 деңгейіндегі рейтингін растайды, және компанияның жеке кредитке қабілеттілігінің бағасын ba2 деңгейіне дейін көтереді. 

Лондон, 2018 жылғы 10 тамыз. – Бүгін Moody's Investors Service («Moody's») агенттігі  «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (KEGOC) АҚ эмитентінің рейтингін Baa3 деңгейінде растады. Сонымен бірге Moody’s агенттігі компанияның жеке кредитке қабілеттілігінің бағасын ва3 деңгейден ва2 деңгейге дейін көтерді.  Рейтингтер бойынша болжам тұрақты. 

Рейтингтік іс-қимыл KEGOC компаниясының КЖБ айқындау үшін қолданылатын үш сапалы сипаттамасын қайта бағалау және жайғастыруды өзгертудің салдары болып табылады: 1) Реттегіштік режимнің тұрақтылығы және болжамдығы - B деңгейден Ва деңгейге дейін, 2) Операциялық және инвестициялық шығындардың орнын толтыру – Ва деңгейден Ваа деңгейге дейін, сонымен қатар 3) кірістерді жоғалту тәуекелі – В деңгейден Ва деңгейге дейін. 

РЕЙТИНГТІК НЕГІЗДЕУ 

Саланы реттеу басқа юрисдикциялармен, соның ішінде Еуропа Одағы елдерімен салыстырғанда күңгірттігімен, сонымен қатар реттеуші мемлекетке тәуелсіз емес орган болып табылатындықтан, саяси әсер факторының қатысуымен сипатталады. Бұл ретте Moody's агенттігі олар туралы ақпарат бұқаралық қоғам үшін қол жетімді реттеу қағидаттарын біртіндеп қолданудың тарихи тәжірибесін атап өтеді. Реттеу операциялық шығындарды толықтай өтеуге және инвестицияларға мақұлданған кіріс алуға (2018-20 жылдарға 11%) мүмкіндік беретін тарифтік формуланы есепке ала отырып KEGOC үшін жеткілікті қолайлы болып табылады.  Сонымен қатар, агенттік валюталық тәуекелдердің шығындарын өтеудің бекітілген механизмінің және жеткізу көлемінің азаюынан түсетін кірістерді жоғалтудың болмауын атап өтеді; бұндай шешімдерді реттеуші жеке түрде қабылдайды. Агенттік елімізді тұтынылатын электр энергиясының 40%-ы жеткізуші оператордың ұлттық нарықтағы монополиялық жағдайына сүйене отырып кірістерді жоғалту тәуекелін  өзгертті (қалған бөлігі жергілікті өндіріледі және тұтынылады).   2014 және 2015 жылдары жеткізу көлемінің азаю қарқындары Қазақстандағы макроэкономикалық құлдыраудың нәтижесінде 3% құрады, алайда  2016 жылы өсу қайта жаңғырды және компания жуырдағы екі жылда өсу қарқындары жылына 4% құрайды деп күтуде. 

Moody’s «Инвестициялық бағдарламаның масштабы және күрделілігі» факторы бойынша компанияны консервативті бағалауды сақтауда. Агенттік өткен кезеңдердегі активтер базасына қатысты күрделі қаржы шығыстарының төменгі деңгейіне қатысты энергия жеткізудің негізгі инфрақұрылымын жаңартуға қажетті шығыстарды үкіметтің мақұлдауымен және компанияның қаржылық көрсеткіштерін қолдау үшін кешірек кезеңдерге желіні кеңейту экономикалық дағдарыс кезінде тарифтердің өсуіне әсер ететін факторларды жұмсарту үшін түсіндірілетіндігін атап өтеді. 

Агенттік сонымен қатар KEGOC-тың АҚШ долларымен және еуромен алынған несиелік қаражаттарды мерзімінен бұрын өтеу және теңгелік облигацияларды кейіннен 2017-18 жылдарда орналастыру, сонымен қатар өтімділіктің өте жақсы бейіні жолымен өзінің валюталық тәуекелін төмендетуге қатысты прогресті атап өтеді. 

КЖБ өзгеруі Қазақстан облигацияларының егемен рейтингі деңгейінде орналастыратын KEGOC-тың түпкілікті рейтингіне әсер етпейді. Сонда да КБЖ ba2 деңгейінде егемен рейтингінің артуы жағдайында рейтингінің әлеуетті артуы үшін компанияны күштірек орналастырады. 

ТҰРАҚТЫ БОЛЖАМДЫ НЕГІЗДЕУ 

Moody's-тің «Тұрақты» болжамы компания өте күшті қаржылық бейінін және өтемділік бейінін сақтайды деген пікірін білдіреді.  

РЕЙТИНГТІ НЕ АРТТЫРА/ТӨМЕНДЕТЕ АЛАДЫ 

Үкіметтен тәуелділікті ескере отырып, KEGOC рейтингі Қазақстан үкіметінің рейтингінен аспайды. Бірақ та үкіметтің рейтингінің артуы компанияның жеке профилінің күшті деңгейін сақтаған жағдайда KEGOC рейтингі өсуі факторын сақтайды. 

Тиісінше, үкіметтің рейтингінің төмендеуі және/немесе компанияның қаржылық және өтімділік бейінінің елеулі нашарлауы оның қаржылық міндеттерін әлеуетті бұзылуына немесе оның өтімділігіне байланысты қауіп туындауына әкелетін, рейтингке теріс әсер етеді. 

НЕГІЗГІ ӘДІСНАМА 

Аталған рейтингтерді орнатуда пайдаланылатын әдіснама болып 2017 жылғы наурызда жарияланған Реттелетін электр және газ желілері әдіснамасы, сонымен қатар 2018 жылғы маусымда жарияланған мемлекеттің қатысуымен Эмитенттер әдіснамасы табылады. Аталған әдіснамалардың көшірмелерін алу үшін «Рейтингтер әдіснамасы» бөліміне мына сілтеме бойынша: www.moodys.com. ауысуыңызды сұраймыз.

Бас офисі Қазақстандағы Астана қаласында орналасқан электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы мемлекетке тиесілі компания болып табылады. Компания елдің электр жеткізу тораптарының көп бөлігіне ие және оны пайдаланады. 2017 жылдың аяғындағы жай-күйі бойынша ұлттық электр жеткізу торабына шамамен 25 707 километр жоғары вольтті желілер және тиісті инфрақұрылым кірді. KEGOC-ның 2014 ж. желтоқсанда өткен IPO-сынан кейін Қазақстан үкіметі атынан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компанияның 90%+1 жай акциясына ие. Қазақстан қор биржасында листингтелген еркін айналымдағы акциялар компанияның акционерлік капиталының шамамен 10%-ын құрайды. 

KEGOC –тың кірісі  2017 ж. 152.4 млрд. теңгені құрады (шамамен 467 млн. АҚШ долл.)