Рейтингтік әрекет: Moody агенттігі Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының Ваа3 деңгейіндегі рейтингін растады және рейтинг бойынша болжамды жағымсыздан тұрақтыға ауыстырды

Қазақ

Лондон, 2017 жылғы 28 шілде - Бүгін Moody s Investors Service (бұдан әр і- Moody s) халықаралық рейтингтік агенттігі Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының (KEGOC) эмитентінің ұзақ мерзімді Ваа3 деңгейіндегі рейтингін растады және рейтинг бойынша болжамды жағымсыздан тұрақтыға ауыстырды.

Аталған рейтингтік әрекет Қазақстан Республикасының Ваа3 деңгейіндегі тәуелсіз рейтингін растаған және 2017 жылғы 26 шілдеде жарияланған рейтинг бойынша болжамды жағымсыздан тұрақтыға ауыстырған соң орын алды. Неғұрлық нақтырақ ақпаратты алу үшін ақпаратты тиісті ашуға жүгінуіңізді өтінеміз: https://www.moodys.com/research/--PR_370462 

РЕЙТИНГТІК ӘРЕКЕТТІ НЕГІЗДЕУ

KEGOC компаниясының ұзақ мерзімді Ваа3 деңгейіндегі рейтингі негізінен Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісіне байланысты, өйткені компания «Самұрық-Қазына» АҚ арқылы мемлекеттің бақылауында. KEGOC компаниясының қорытынды рейтингі компанияның bа3 деңгейінде тұрған несиені өтеуге қабілеттілігінің базалық бағасынан рейтингтік бағанның үш сатысына артады. Қолдау дәрежесін егемен тарапынан бағалау үкіметпен байланысты эмитенттер үшін әдіснама бойынша жүргізіледі және біздің түсінігіміздегі негізгі алғышарттарға негізделген: (1) мемлекет пен компанияның өте жоғары өзара тәуелділігіне; (2) KEGOC компаниясын қаржылық қиыншылық жағдайында  негізгі акционер тарапынан қолдау ықтималдығының жоғарылығына; және (3) Қазақстан Республикасы үкіметінің тұрақты болжамды Ваа3 деңгейіндегі ұлттық валютадағы   рейтингі. Қазақстан Республикасының үкіметі бұрынғыша компанияның стратегиялық дамуына қатысады және компанияның жекелеген инвестициялық жобалары мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы үкіметі компанияның 2016 жылдың аяғындағы шамамен 40% борышына кепіл болады.

KEGOC компаниясының несиені өтеуге қабілеттілігінің Ваа3 деңгейіндегі базалық бағамы бұрынғыша мыналарға негізделеді: (1) компанияның жалғыз иесі және ұлттық маңыздағы инфрақұрылымның, атап айтқанда, жоғары вольтті электр жеткізу желілері операторы ретіндегі монополиялық жағдайына; және (2) компания орта мерзімді перспективада қаржылық оңтайлылығының жеткілікті деңгейін сақтайтындығы фактісін Moody s-тің бағалауына. Компанияның қаржылық ұстанымы Қазақстан Республикасы экономикасы кездесіп отырған сындарға, сонымен қатар ұлттық валютаның құнсызданғанына қарамастан тұрақты болып қалып отыр; копанияның қаржылық ұстанымның тұрақтылына негізінен тарифтердің өсуі, күрделі құрылыс бойынша кейбір жобалардың кейінірек мерзімге қалдырылуымен бірге, компанияның шығындарды оңтайландыру бойынша бағдарламасы шегіндегі шығыстардың қысқартылуы арқылы қолдау көрсетіліп отыр (2014 жылғы мамырдан бастап компанияның электр энергиясын жеткізу тарифтері шамамен 50%-ға өсті және тарифтер 2020 жылға дейін жыл сайын шамамен 8.5 %-ға өсуін жалғастырады деп күтілуде). 

Moody's орта мерзімді перспективада компания инвестициялық шығыстардың өсуіне қарай өзінің қаржылық ұтымдылығының бір бөлігін жоғалтады. Бірақ, ақша ағынының көрсеткіштері қолайлы деңгейде қаладыдеп күтеді: операциялық ақша ағынының айналым капиталдағы (Funds From Operations, FFO) өзгерістерге дейінгі таза кіріске қатысы 30%-дан асады, себебі біз KEGOC өзінің қаржылық саясатын іске асыру кезінде қолданыстағы берешек келісімдер бойынша ковенанттарды бұзбайды деп күтудеміз. Компанияның валюталық курстардың өзгерістерінің ықпалына ұшырағыштығы жоғары болып қалып отырғанына қарамастан, 2016 жылы 47.5 млрд теңге көлеміндегі ұлттық валютадағы облигацияларды шығару жолымен валюталық курстардың өзгерістеріне ұшырағыштығын төмендетуде табысқа қол жеткізу  фактісі тағы бір жағымды жағдай болып табылады. 

KEGOC компаниясының несиені өтеуге қабілеттілігін базалық бағалауына мыналар бұрынғыша жағымсыз әсер етеді: (1) құрайтындықтан, пайыздық мөлшерлеме және валюталық курстар өзгеруінің әсер ету деңгейінің жоғарылығы, өйткені  евро немесе АҚШ долларымен алынған несиелік портфельдің үлесі осы уақытқа дейін айтарлықтай шаманы құрайды: 2016 жылдың аяғына шамамен 70%; (2) Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияларды реттеу жүйесінің болжамды және транспарентті еместіг; (3) ескірген желілік кешенді жаңғыртуға айтарлықтай күрделі қаржы салымдарының қажеттілігі; және (4) компаниялар Қазақстан Республикасындағы мұнай бағасы деңгейінің төмен жағдайында жұмыс жасап отырған  күрделі операциялық орта.

ТҰРАҚТЫ БОЛЖАМНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

KEGOC компаниясы рейтингінің тұрақты болжамы Қазақстан Республикасы үкіметінің тәуелсіз рейтингі бойынша тұрақты болжамға сәйкес, сонымен қатар KEGOC компаниясының рейтингін айқындауда біз күтпеген жағдайлар жағдайында мемлекеттік қолдау ықтималдығының жоғарылығы есепке алынады.

РЕЙТИНГТІ ЖОҒАРЫЛАТУ/ТӨМЕНДЕТУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

KEGOC компаниясының рейтингі Қазақстан Республикасы үкіметінің тәуелсіз рейтингінен жоғары бола алмайды. Бірақ, Қазақстан Республикасы үкіметінің тәуелсіз рейтингінің өсуі KEGOC компаниясының рейтингін арттыру үшін әуелет жасайды.

Егер Қазақстан Республикасы үкіметінің тәуелсіз рейтингі төмендесе, Moody s KEGOC компаниясының рейтингін төмендету мүмкіндігін қарастырады; егер компанияның қаржылық көрсеткіштері, сонымен қатар компанияның өтімділігі айтарлықтай нашарласа, қолданыстағы ковенанттардың бұзылу қаупін тудырады немесе борыштық міндеттемелерді уақтылы орындалмай қалуына алып келеді.

2017 жылғы наурызда жарияланған «Реттелетін электр және газ желілік компаниялары» (Regulated Electric and Gas Networks) рейтингті тағайындау кезінде қолданылған негізгі әдіснама болып табылады. Сонымен қатар 2014 жылғы қазанда жарияланған үкіметпен (Covernment-Related Issuers) байланысты эмитенттерді рейтингілеу әдіснамасы қолданылды. Әдіснамалар Moody s агенттігінің сайтынының www.moodys.com «Rating Methodologies» («Рейтингтік Әдіснамалар») бөлігінде қол жетімді.

Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы Қазақстан Республикасының электр желілре кешенінің негізгі бөлігін иеленген және басқаратын мемлекеттік компания болып табылады. Компанияның бас кеңсесі Астанада орналасқан, Қазақстан Республикасы. 2016 жылы KEGOC компаниясының түсімі 130 млрд теңгені құрады (шамамен 390 млн АҚШ доллары).