Рудныйда «KEGOC» АҚ қызметкерлері арасында спартакиада басталды

Қазақ

Бүгін, 2018 жылғы 29 қарашада, Рудныйда (Қостанай облысы) «АЯТ АРЕНА» спорт кешенінде «KEGOC» АҚ қызметкерлері арасындағы спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Жарысқа компанияның тоғыз өңірлік филиалы, Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты), сонымен қатар еншілес ұйымы - «Энергоинформ» АҚ қызметкерлерінен құралған 11 команда қатысады.

Екі күн бойы энергетиктер спорттың бес түрі бойынша бақ сынасады: мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, қол күресі және шахмат.

Дәстүрге айналған бұл жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, корпоративтік рухты нығайту, сонымен қатар филиалдар арасындағы байланысты дамыту болып табылады.

 Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электрэнергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы қызметін атқарады, Ұлттық электр желісінің (ҰЭЖ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компания балансында кернеуі 110-1150 кВ ұзындығы 25 000 км электр жеткізу желілері және ҰЭЖ құрайтын қуаттылығы 36,7 ГВА трансформаторлар орнатылған 78 электр қосалқы станциялары бар. Компанияда 4,7 мың адам қызмет етеді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.