Сақтандыру ұйымдары басшыларының назарына!

Қазақ

Мына мекенжай бойынша орналасқан: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59 -ғимарат «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «KEGOC» АҚ) «ұзақ мерзімді бастамалар» сатып алудың санаттық стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) Қор деңгейінде «Медициналық сақтандыру» санаты бойынша іске асыру шеңберінде келіссөздер тобының шешімі бойынша «KEGOC» АҚ және еншілес ұйымдар үшін науқастану жағдайға өз еркімен медициналық сақтандыру қызметін сатып алу жөніндегі бәсекелестік келіссөздер өткізілмеді деп танылғанын хабарлайды.

Бәсекелестік келіссөздерде Стратегия белгілеген мақсаттарға қол жеткізбеумен байланысты, «KEGOC» АҚ-да сырттай келіссөздер жүргізуді келісу рәсімдері басталды. Барлық қажетті сұрақтар бойынша 8 (7172) 69 04 17 немесе 8 701 111 78 16 телефондарына хабарласуларыңыз қажет.