«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Е. Шөкеевтің қатысуымен өткен «KEGOC» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы

Қазақ

2016 жылғы 12 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтің қатысуымен «KEGOC» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді. 2017 жылға арналған KEGOC Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жол картасы, жобалар портфелі, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының 2015-2020 жылдарға арналған болжамды қаржылық көрсеткіштері кеңесте талқыланған негізгі тақырыптар болды.   

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының шешімді кезеңіне аяқ басты. Оның шеңберінде бағдарламаның алғашқы кезеңдерінде қалыптастырылған барлық бастамалар жүзеге асырылатын болады.  

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев компания қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бизнес-процестер оңтайландырылып, компания қызметін бағалаудың жаңа жүйесі жасалғаны, есеп берудің тиімді жүйесі әзірленгені, тұрақты түрде жетілдіру мәдениеті енгізіліп келе жатқаны туралы хабарлады.    

Компанияда Самұрық-Қазына қорының стратегиялық жоспарлау, персоналды басқару және ақпараттық технологиялар процестері бойынша эталондық (референстік) моделдері негізге алынған және стратегия, бизнес-процестер, ҚНК құрылымы мен операциялық модель арасындағы өзара байланысты көрсететін ұйымдық құрылым оңтайландырылды, сонымен қатар бұл құрылымның айқындығын, рөлдер мен жауапкершілікті бөлудегі нақтылықты қамтамасыз етеді. 

Талқылауға салынған маңызды мәселе бұл Жаңғырту жөніндегі кеңейтілген кеңестің күн тәртібіне енгізілген KEGOC жобалар портфелі болды. Негізінен портфель 23 жобаны қамтиды, олардың 20-сы орталықтандырылған және 3-уі жергілікті жоба. Құрылған жобалар портфелі бағдарламаның ең ауқымды аралық көрсеткішіне айналғаны атап өтілді. Оған бағдарламаның алғашқы кезеңдерінде жасалған компания қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бастамалар топтастырылды. Алдағы бес жылда құрылымына Бағдарламаның 1-ші кезеңінің қорытындысы бойынша бастамаларды іске асыруды көздейтін жергілікті жобалар және Қордың компаниялар тобында жүзеге асырылатын орталықтандырылған жобалар кіретін жобалар портфелін іске асырудан түсетін пайда 31 млрд. теңгені астам соманы құрайды деп болжамдалып отыр.  

Отырыс барысында компанияның Басқарма төрағасы қол қойған Трансформациялау жобалары демеушілерінің жеке қатысуы жоспары ұсынылды. 

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы персоналдың жұмысына оң баға беріп, Бизнесті трансформациялау бағдарламасының «Диагностика және дизайн» атты бірінші кезеңі ойдағыдай жүзеге асқанын атап өтті. Бағдарламаның «Жоспарлау» атты екінші кезеңі аяқталуға жақын.

Өмірзақ Шөкеев сондай-ақ Компанияның болашақта еліміздің басты электр желілік компаниясының тұрақтылығын қамтамасыз ететін және ішкі, сыртқы факторлардың ықтимал өзгерістеріне қарай жедел әрекет етуге көмектесетін Қор бастамаларын белсенді түрде қолдайтынына ризашылық білдірді.