«Самұрық-Қазына» АҚ «Халық ІРО» бағдарламасының белсенді кезеңі басталғанын жариялады

Қазақ

01.10.2014

«Самұрық-Қазына» АҚ «Халық ІРО» бағдарламасының белсенді кезеңі басталғанын жариялады

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» АҚ өзінің еншілес компаниясы «KEGOC» АҚ-ның «Халық IPO»-ға шығатынын ресми түрде растады.

«Халық ІРО» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурызындағы №280 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуіріндегі №429 Қаулысына сәйкес, «KEGOC» АҚ барлық акциялары көлемінің 10% минус 1 акцияларын қор нарығына шығару жоспарланып отыр. Әр акцияның бағасы мен сатылатын акциялардың нақты саны қараша айының басында, өтінім беру басталар кезде белгілі болады. Ол туралы толымды ақпарат Қазақстан қор биржасы (КASE) мен БАҚ-та жарияланады.

Естеріңізде болса, 2012 жылы елімізде өндірілген жылдық мұнай көлемінің 60% жуығын тасымалдайтын Қазақстандағы мұнай құбырлары жүйесінің ең ірі операторы болып табылатын  «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары IPO-ға табысты  шығарылды. 34 мыңнан астам қазақстандық халықтық акционерге айналды. Оларакцияны орналастырған кезден бастап, сатып алған құнның 25%-нан астам көлемінде дивиденттер түрінде түсім алды.

«KEGOC» АҚ акцияларын саудалау барысында жекелеген инвесторлар яғни алдымен Қазақстан Республикасының азаматтарына басымдық беріледі. «Халық IPO-ға» шығуға дайындық барысында корпоративтік басқару қағидаларын жетілдіре отырып, «KEGOC» АҚ әрекетін айтарлықтай ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес етіп, оның қызметін жақсартты.

«KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Қажиев баспасөз  конференциясында: ««KEGOC» АҚ қызметінің негізгі басымдықтары Қазақстан Ұлттық Энергетика Жүйесінің сенімді қызмет атқаруы мен дамуын қамтамасыз етуді, акционерлік құнының артуын қамтамасыз етуді, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарын сақтауды, жұмысшылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды, кадрлық әлеуетті арттыруды көздейтінін атап айтты.

«KEGOC» қызметі көрсеткіштерінің артуын, компанияның инвестициялық саясатының табыстылығымен түсіндіруге болады. Біз әлемдік жетекші қаржы институттары - Еуропалық даму және қайта құру банкі мен Әлемдік банктің қатысуымен жалпы  құны 1 млрд. АҚШ долларынан аспайтын ірі инфрақұрылымдық жобалардың тиімді жүзеге асу тәжірибесі бар. Компанияда желінің сенімділігін арттыру  мен елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін, Қазақстан ҰЭЖ дамыту бағытында 5 басым  жобалардың жүзеге асуын көздейтін, 2025 жылға дейінгі  «KEGOC» АҚ дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы түріндегі өз болашағының нақты көрінісі бар. Акцияны орналастырудан келетін түсімнен бизнес-компанияларға олардың одан әрі дамуын қаржыландыруға, оның ішінде инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға   арналып қайта инвестиция жасалады. Бірыңғай электр жүйелерінің желілік операторы болып табылатын, біздің компанияның қандай болуы қажеттігі туралы нақты жоспарымыз бар. Біз бизнестің осы секторында өзгелерге үлгі болуға тырысамыз», - деп атап өтті. 

«Самұрық-Қазына» АҚ «KEGOC» АҚ-ның жалғыз Акционері ретінде Бағдарламаны жүзеге асыру механизмдерін, оның мақсаттары мен міндеттерін, құнды қағаз нарығының қызмет ету қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-білім беру науқанын кеңінен жүзеге асырады.

«Биылғы ақпараттық науқанның маңызды аспектісі ашық білім беру дәрістерін жүргізу болып табылады. Көптеген қазақстандықтар «Халық IPO» бірінші кезеңі барысында Бағдарлама туралы  жалпы мәліметтер алған, осындай білім беру акцияларына  қатысқан болатын. Қазіргі кезде олардың дәріске саналы түрде келгені қажет. Біз «Халық IPO» қазақстандықтарға ірі кәсіпорындардың акцияларын иелену мүмкіндігін, сонымен қатар олардың жинақтық қорлары мен байлықтарын инвестициялау   мен көбейтудің жаңа құралын береді деп үміттененміз», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Елена Бахмутова.

Ақпараттық-білім беру  науқаны бірнеше бағыттар бойынша ұйымдастырылады және аймақтағы азаматтардың белсенділігін арттыруға бағытталған:

· 14 - 31 қазан - 70 ашық дәріс (облыс орталықтары мен ірі қалалар);

· 14 қазан - 30 қараша -  еңбек ұжымдардағы 400 презентация (100 адамнан астам қызметкерлері бар  ірі қала құраушы негізі кәсіпорындар).

· 1 қазаннан – 30 қараша ҚР облыс орталықтарында, қалалар  мен аудандарында үгіттеудің жылжымалы пункттері мен брендтелген автобусар жіберіледі.

Бұрынғыдай негізгі ақпараттық ресурстар (www.halyk-ipo.kz) веб-сайты мен жедел телефон желісі (8 8000 70 15 70) болып табылады. Желдел желі телефонына қоңырау шалу еліміздің барлық аймақтары үшін тегін, операторлар тәулік бойы жұмыс істейді.

 



..