«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының еңбек әулеттеріне құрмет көрсетуі

Қазақ

17 мамыр 2017 жылы Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Еңбек әулеттері күні аталып өтті. «KEGOC» АҚ өз тарапынан «Қордың еңбек әулеті» медалімен және құрмет грамотасымен марапатталған Клоповтар әулетін ұсынды.

Бұл отбасындағы бес өкілдің электр энергетикасы саласындағы жалпы жұмыс өтілі 199 жылды құрайды. Биыл KEGOC компаниясына 20 жыл толып отырғанын ескерсек, бұл жақсы көрсеткіштердің бірі. «KEGOC» АҚ-ның 2015 жылғы еңбек әулеттері байқауында Клоповтар әулетінің «Дәстүрі берік әулет» (энергетика саласындағы ең ұзақ еңбек өтілі аталымы бойынша) аталымы бойынша жеңіске жетуі тегін емес.

Әулет иесі – Клопов Виктор Павлович (1929ж.). Еңбек ардагерінің тыл еңбегі саласындағы жұмыс өтілі – 49 жыл, оның жұбайы Клопова Нина Григорьевна (1929ж.) тыл еңбеккері және «Шахтинскэнергоуголь» өндірістік басқармасында 49 жыл жұмыс істеген энергетик. Клоповтардың кәсібін үлкен қыздары Светлана Рассоха жалғастырды, оның жолдасы Валерий Рассоха және ұлы Андрей Рассоха «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалында жұмыс істейді. 

Бүгінгі таңда компанияда 30 еңбек әулеті тіркелген. Олардың қатары артып келеді – бұл KEGOC-тың еңбек әулеттері құндылықтарын және компания қызметкерлері арасында кәсіп жалғастырушылықты қолдау мен сақтауға бағытталған кадр саясатының қағидаларын тиімді жүзеге асыруының жемісі.