S&P «KEGOC» АҚ-ның кредиттік рейтингін қайта қарады

Қазақ

2016 жылғы 17 ақпанда Standard&Poor’ (S&P) рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының егемендік кредиттік рейтингілерін  «BBB-/A-3» дейін төмендетті; егемендік рейтингілер бойынша болжам – «Теріс». Осыған байланысты, S&P  мемлекетке, соның ішінде «KEGOC» АҚ-ға байланысты ұйым ретінде жіктейтін  бірнеше қазақстандық компаниялардың рейтингілерін ВВ+/ «Теріс» болжамынан  ВВ/ «Теріс» болжамына дейін  қайта қарады.  S&P сарапшыларының пікірі бойынша «KEGOC» АҚ-ның Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан қажет болған жағдайда  уақтылы және жеткілікті экстраординарлық қолдау алуы ықпалының «өте жоғары» екендігі сақталады және «KEGOC» АҚ-ның жеке несиені төлеу қабілеттілігінің сипаттамасы  бұрынғысынша «b+» деңгейінде бағаланады, ал KEGOC рейтингісі бойынша «Теріс» болжамы Қазақстан Республикасының егемендік кредиттік рейтингілері бойынша  ұқсас болжамды көрсетеді.