Standard Poor's «KEGOC» АҚ рейтингі бойынша болжамын «Жағымды» деңгейіне дейін көтерді Астана 07 қараша 2014 ж.

Қазақ

07.11.2014

Standard Poor's «KEGOC» АҚ рейтингі бойынша болжамын «Жағымды» деңгейіне дейін көтерді Астана 07 қараша 2014 ж.

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ (бұдан былай – «KEGOC» немесе «Компания») жетекші халықаралық рейтингілік агенттіктердің бірі Standard & Poor’s  Компанияның ұзақмерзімді кредиттік рейтингісін «ВВ+» деңгейінде бекіте отырып, KEGOC-тың рейтингі бойынша болжамын «Тұрақты» деңгейінен «Жағымды» деңгейіне көтергенін хабарлайды. «Жағымды» болжам  алдағы 12 айдың ішінде KEGOC рейтингісінің көтерілу мүмкіндігін білдіреді.

Болжам Компанияның қаржылық тәуелкелдерді басқаруға мүмкіндіктерін арттыратын тарифтерді көтерудің нәтижесінде, 2015 жылда KEGOC-тың қаржылық көрсеткіштері көтерілуі мүмкін деген сарапшылардың болжамына байланысты қайта қаралды. Агенттік сарапшылары, сондай-ақ KEGOC Қазақстан Республикасы Үкіметімен берік қарым-қатынасы бар және электр энергиясын жеткізу саласында қызметтерді монополистік жеткізуші ретінде маңызы рөл атқаратындықтан, Компанияға мемлекет тарапынан жан-жақты және аса жедел қаржылай көмек көрсетілу мүмкіндігін жоғары бағалап отыр.

KEGOC инвестициялық катардан Moody’s и Fitch жетекші халықаралық рейтинігілік агентігінен «Тұрақты» болжамы бойынша кредиттік рейтингіге ие екендігін еске саламыз. Сонымен қатар,  Fitch  агентігінің версиясы бойынша KEGOC Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісі (ВВВ+) деңгейіндегі рейтингісіне ие, яғни, агенттік сарапшыларының пікірінше KEGOC бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы секілді сенімді болып табылады.

Байланыс ақпараттары

Тәуелсіздік даңғылы, 59, Алматы ауд, Астана қ.,

Қазақстан Республикасы, 010010

Тел.: +7 (7172) 693-824, +7 (7172) 690-468
Факс: +7 (7172) 690-438
e-mail: pressa@kegoc.kz 

Компания туралы ақпарат 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz  орналастырылған.



..