Жалғыз акционер KEGOC-тың 2011 жылғы қаржылық есептемесін бекітті

Қазақ

08.08.2012

Жалғыз акционер KEGOC-тың 2011 жылғы қаржылық есептемесін бекітті

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC"  АҚ акциялардың жалғыз ұстаушысы-«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на 2011 ж. үшін дивиденділер төлеуді жүзеге асырды.

 2012 жылдың 12 маусымында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен "KEGOC" АҚ-ның 2011 жылғы қаржылық есептемесі бекітілді. Осы есеп мұның алдында тәуелсіз аудитор «Делойт» ЖШС аудиторлық  компаниясының аудиторлық растамасын алған болатын.

Жылдық қаржылық есептемеге сәйкес "KEGOC" АҚ-ның 2011 жылдың 31 желтоқсанына жиынтық активтері 217,57 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2010 жылдың 31 желтоқсанында 180,36 млрд. Теңге болған еді, компанияның меншік капиталы 120,96 млрд. теңгені құрады.  Қызмет көрсетулерді іске асырудан түскен кіріс 54,682 млрд.теңгені құрады,  бұл 2010 жыл деңгейінен 23% артық. 2011 жылы таза пайда 7,822 млрд.теңгені құрады. Компаниядағы қаржылық нәтижелердің 2010 жылмен салыстырғанда 35 %-ға өсуіне Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтынудың жалпы ұлғаю үрдісі, Компанияның қызмет көрсетулеріне жаңа тарифтерді енгізу, сондай-ақ  евро бағамының АҚШ долларына қарағанда төмендеу нәтижесінде бағамдық айырмадан кірістердің түсуі әсерін тигізді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасы бекіткен таза табысты үлестіру тәртібіне сәйкес 30% немесе 2,347 млрд. теңге дивиденділер төлеуге жұмсалады, 70% немесе 5,475 млрд. теңге "KEGOC" иелігінде даму мақсаттары үшін қалады. 2012 жылдың 17 шілдесінде  "KEGOC" АҚ үлеспайдаларды  жалғыз  акционерге төлеуді жүзеге асырды.

Қоғамның бір жәй акциясына шаққандағы бекітілген үлеспайда мөлшері – 221,71 теңге (екі жүз жиырма бір теңге жетпіс бір тиын).

Баспасөз үшін байланыс

Алмагүл Жакеева

тел.:+7(7172) 97-04-58

zhakeyeva@kegoc.kz

Компания туралы ақпарат

 «KEGOC» АҚ Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы міндеттерін атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына жатады. Компания теңгерімінде ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 110-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 34,5 МВА 74 электр қосалқы станциясы бар. «KEGOC» АҚ жарғылық капиталы акцияларының 100% топтамасы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» меншігінде. Толық  ақпаратты www.kegoc.kz сайтынан алуға болады.