Жедел-диспетчерлік қызметкерлері байқауының қорытындысы

Қазақ

24.04.2015

Жедел-диспетчерлік қызметкерлері байқауының қорытындысы

2015 жылғы сәуірдің 20-24 күндері аралығында «KEGOC» АҚ Ақмола ЖЭТ базасында Жүйеаралық электр тораптарына (ЖЭТ) қарасты Өңірлік диспетчерлік орталықтарының жедел-диспетчерлік қызметкерлері арасында байқау өтті.

Байқауға «KEGOC» АҚ ЖЭТ ӨДО-ның жеті өкілі қатысты: Ақтөбе, Алматы, Шығыс, Батыс, Сарыбай ЖЭТ-ке қарасты Қостанай ӨДО, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік. 

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды байқау жеңімпазы ретінде ең жоғары ұпай жинаған Батыс ЖЭТ филиалының Батыс ӨДО командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ, 2 және 3 орындарға Алматы ЖЭТ филиалының Алматы ӨДО және Орталық филиалының Орталық ӨДО ие болды.

Байқаудың мақсаты – қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, озық әдістерді тарату және жедел жұмысқа кірісу, заманауи компьютерлік жаттығулар мен автоматтандырылған оқыту жүйесі базасында қызметкерлерді дайындаудың жаңа үлгілерін енгізу.

Байқау барысында ұжымдар үздік тәжірибелерімен алмасып, Қазақстан БЭЖ қызметінің жедел-диспетчерлік басқару режимі бойынша жұмыстар атқарды. ӨДО өкілдері күрделі режим жағдайындағы қысқа уақыттың ішінде қойылған жедел-диспетчерлік басқарудың тапсырмаларын шешуге дайындығын көрсетті.



..