Рамазанов Ертай Бауыржанұлы

Қазақ

Рамазанов Ертай Бауыржанұлы –«KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы

1982 жылғы 22 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген

Қазақстан Республикасының азаматы

Білімі:

2003ж -  «Әділет» Жоғары құқық мектебі, заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша  

Жұмыс тәжірибесі:

2005 (қыркүйек) – 2006 (қараша) – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» филиалының Заң департаменті шарттар және конкурстарды басқару бөлімінің бас маманы, магистральдық желілер дирекциясы.

2006 (қараша) – 2007 (тамыз) -  Астана қаласындағы «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Кінәраттарды реттеу жөніндегі департаменттің бас консультанты.

2007 (сәуір) – 2007 (тамыз) – «Маркетингтік-талдау зерттеулер орталығы» АҚ Мемлекеттік саясатты талдау департаментінің консультанты, Алматы қ.

2007 (тамыз) – 2007 (қыркүйек) - «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Астана қаласындағы өкілдігінің директоры.

2007 (қыркүйек) – 2009 (ақпан) - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігінің атташесі.

2009 (наурыз) – 2010 (маусым) – жетекші маман, «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ заң бөлімінің бас маманы.

2010 (маусым) – 2011 (қаңтар) – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшы қызметінің менеджері.

2011 (қаңтар) – 2014 (ақпан) –Корпоративтік хатшы міндеттерін атқарушы, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Омбудсмені.

2014 (ақпан) – қазіргі уақытқа дейін «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысы.  

Қосымша:  «Атташе» дипломатиялық рангі, «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті берген «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының корпоративтік хатшыларын сертификаттау бағдарламасын табысты аяқтауы туралы № 0007 сертификат; РФ тәуелсіз директорлар қауымдастығы «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетімен бірлесе берген № 000110 сертификат; Ernst & Young Бизнес  академиясының «MBTI: Improvingpersonalandteameffectiveness» сертификаты; Қазақстан  тәуелсіз директорлар қауымдастығының корпоративтік басқару жөніндегі кәсіби сертификаттауды табысты аяқтауы туралы сертификаты; IFC Бүкіләлемдік Банкінің Қазақстандағы Халықаралық қаржы корпорациясының ресми серіктесі «Governance & ManagementConsulting» ЖШС-ның сертификаттары; «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Корпоративтік хатшылар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Корпоративтік хатшылар клубының мүшесі, Қазақстан  тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ-дан, корпоративтік хатшылар форумынан, «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінен Қазақстанда корпоративтік хатшы институтын дамытуға белсенді қатысқаны және бастамашылдығы үшін Алғыс хаты бар. 

Қоғамның, жеткізушілердің және бәсекелестердің акцияларын иеленбеген. 

Қоғамда Корпоративтік хатшыға тікелей бағынатын Корпоративтік хатшы қызметі құрылған. Қызметтің саны – Қоғамның 2 қызметкері.