Қазақ КСР Кеӊес Министрлігінің 1969 жылғы 15 сәуірдегі №224 қаулысының негізінде Қазақстан энергия жүйелерінің бірлескен диспетчерлік басқармасы (Қазақстан БДБ) ұйымдастырылып, кейін мына өзгерістерге ұшырады:
- «Қазақстанэнерго» ҰЭЖ» РМК-ның 01.09.1997ж. №99 бұйрығының негізінде Қазақстан БДБ «KEGOC» АТАҚ-ның Қазақстан Біртұтас энергетикалық жүйесінің Орталық диспетчерлік орталығы (Қазақстан БЭЖ-дің ОДО) филиалына өзгертілді;
- «KEGOC» ААҚ-ның 19.05.2000ж. бұйрығының негізінде Қазақстан БЭЖ-дің ОДО филиалы «KEGOC» ААҚ Орталықтандырылған диспетчерлік басқармасының департаментіне өзгертілді;
- «KEGOC» ААҚ-ның 01.03.2001ж. №83 бұйрығының негізінде «Қазақстан Біртұтас энергетикалық жүйесінің Орталық диспетчерлік орталығы бас филиалы» (Қазақстан БЭЖ ОДБ БФ) филиалы құрылды;
- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 01.12.2004ж. №3 шешімімен «KEGOC» АҚ «Қазақстан Біртұтас энергетикалық жүйесінің Орталық диспетчерлік орталығы бас филиалы» «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» - ЖО ҰДО деп қайта аталды (филиалдың есептік қайта тіркеуі туралы куәлігі 28.12.2004ж. №1948–1910 -Ф-л).
- «KEGOC» АҚ 14.11.2005ж. №703 бұйрығымен 15.12.2005ж. бастап 25.01.2006ж. аралығында ЖО ҰДО Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстырылды.
Филиал директоры – Шынасылов Ералы Тұрсынбекұлы.
Персоналының саны 108 адам.
ЖО ҰДО-ның тікелей жедел басқаруында тоғыз өңірлік диспетчерлік орталық (ӨДО) бар:
ЖО ҰДО қызметінің мақсаты:
- Қазақстан БЭЖ-дің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан БЭЖ-дің іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмысын қамтамасыз ету;
- нормативтердің талаптарына сәйкес электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету.
ЖО ҰДО филиалы қызметінің мәні:
- Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару;
- электр энергиясының мемлекетаралық ағымдары режимін басқару;
- Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі технологиялық бұзылулардың алдын алуды, оқшаулау және жоюды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі қуат қорын жедел басқару;
- Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика құрылымын, қағидаларын, орналастыру орындарын, көлемдерін және тағайындамаларын белгілеу.