Тұрақты даму

«KEGOC» АҚ негізгі міндеттерінің бірі өз қызметінің және өз еншілес компаниялары қызметінің тұрақты даму қағидаттарына сәйкестігін, ұзақ мерзімді перспективада тұрақты даму және экономикалық құн қалыптастыру үшін өз экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының келісілуін қамтамасыз ету болып табылады. 

«KEGOC» АҚ өзінің экономикаға, экология мен қоғамға әсерінің маңыздылығын түсінеді және ұзақ мерзімді құнды өсіруге талпына отырып, мүдделі тараптардың теңгерімін сақтап, өзінің ұзақ мерзімді перспективада тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Мүдделі тараптармен жауапты, ойластырылған және оңтайлы өзара іс-қимыл тәсілі «KEGOC» АҚ тұрақты дамуына көмектесетін болады. 

«KEGOC» АҚ БҰҰ-ның адам құқықтары, еңбек қарым-қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайластық жемқорлыққ қарсы әрекет жасау саласындағы Ғаламдық шарт қағидаттарын қолдайды, оларға мыналар жатады:

1-қағидат: Іскерлік орта халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдап, құрметтеуі тиіс.

2-қағидат: Іскерлік орта адам құқықтарының бұзылуына қатысты болмауы тиіс.

3-қағидат: Іскерлік орта бірлестік еркіндігін және ұжымдық шарт жасасуға деген құқықты нақты мойындауы қажет.

4-қағидат: Іскерлік орта міндетті және еріксіз еңбектің қандай да болмасын нысанын жоюға жақтасуы тиіс.

5-қағидат: Іскерлік орта балалар еңбегінің толығымен жойылуына жақтасуы тиіс.

6-қағидат: Іскерлік орта еңбек пен еңбекпен қамту саласындағы дискриминацияны жоюға жақтасуы тиіс.

7-қағидат: Іскерлік орта алдын алу принципіне негізделген экология мәселелерге амал табуды ұстануы тиіс.

8-қағидат: Іскерлік орта қоршаған орта жағдайына жауапкершілікті көтеруге бағытталған бастамаларды көтеруі тиіс.

9-қағидат: Іскерлік орта экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуы мен таралуына септесуі тиіс.

10-қағидат: Іскерлік орта сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне, соның ішінде бопсалаушылық пен парақорлыққа қарсы тұруы тиіс.

Нұсқаулық. Тұрақты даму саласындағы басқару жүйесі

Тұрақты даму – ұйымдар өз қызметінің қоршаған орта, экономика, қоғамға әсерін басқаратын және мүдделі тараптардың (стейкхолдерлер) мүдделерін есепке ала отырып, шешім қабылдайтын даму. 

Бұл тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттар, АА1000 сериялы стандарттарға, БҰҰ ЖаҺандық шартының, Есептілік бойынша жаһандық бастама (GRI) қағидаларына, «KEGOC» АҚ Жарғысы және «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне негізделген. 

«KEGOC» АҚ-да тұрақты даму үш құрауыштан тұрады: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік:



Тұрақты даму саласында «KEGOC» АҚ мына қағидаларды ұстанады:

  • Ашықтық, 
  • Есеп берушілік,
  • Айқындық,
  • Әдепке сай мінез-құлық,
  • Мүдделі тұлғалардың мүддесін сыйлау,
  • Заңдылық, 
  • Адам құқықтарын сақтау, 
  • Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік, 
  • Мүдделер қайшылығына жол бермеушілік, 
  • Жеке үлгісі.  

Тұрақты даму саласындағы басқару мәселелері бойынша, «KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу, оның жұмыс істеуі және компанияда менеджмент жүйелерінің нәтижелілігін ұдайы жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы басшысы болып табылатын консультативтік-кеңесші орган – Тұрақты даму және БМЖ жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылды.

Үйлестіру кеңесінің құрамына барлық басқарушы директорлар, еншілес ұйымдардың басшылары кіреді. Тұрақты даму мәселелеріндегі Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:

  • тұрақты даму саласындағы қағидаттарды ілгерілетуді және сақтауды қамтамасыз ету;
  • тұрақты даму саласындағы басқару мәселелері бойынша іс-шараларды жоспарлауды жүзеге асыруды, мониторингтеудің жауапкершілігін айқындауды, сондай-ақ стейкхолдерлерге ұсынылатын тұрақты даму саласындағы қызмет туралы ақпараттың мазмұнын айқындауды қамтамасыз ету;

Үйлестіру кеңесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды орындайды:

1) тұрақты дамудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік - үш құрамдас бөлігі бойынша; «KEGOC» АҚ БМЖ саласындағы саясатын, мақсатын және тұрақты дамудың құрамдас бөліктерін қалыптастыру үшін ішкі және сыртқы ахуалды талдауды қамтамасыз ету;

2) тұрақты дамуды қызметтің негізгі процестеріне біріктіруді қамтамасыз ету:

- жоспарларды және/немесе бағдарламаларды, климаттық тәуекелдерді басқару процесін әзірлеуді, жауапкершілікті айқындауды, климатты басқару мәселелері бойынша іс-шаралардың мониторингін қамтамасыз ету;

- тұрақты даму саласындағы басқару жүйесі үшін қажетті ресурстар мен ақпаратты ұсынуды, сондай-ақ БМЖ нәтижелілігін әзірлеу, енгізу, жұмыс жағдайында ұстау және тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету;

- тұрақты даму және БМЖ шеңберінде персоналдың өкілеттіктері мен жауапкершілігін бөлу және оларды «KEGOC» АҚ персоналының назарына жеткізу;

- мақсаттарды, міндеттерді іске асыруға және тұрақты даму және БМЖ компоненттері бойынша индикаторларға қол жеткізуге бағытталған жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын талдау;

- тұрақты даму тақырыптарының маңыздылығын анықтау, маңыздылық матрицасын қарастыру;

- БМЖ қолдану саласының анықтамалары, БМЖ моделін қарау және жаңарту (БМЖ процестерін сәйкестендіру, олардың реттілігі және өзара әрекеттесуі), жоспарлау және оған өзгерістер енгізу кезінде БМЖ тұтастығын сақтауды қамтамасыз ету, жақсарту мүмкіндіктері мен өзгерістерге қажеттілікті бағалауды қоса алғанда, БМЖ жұмыс істеуіне талдау жүргізу.

3) «KEGOC» АҚ персоналының тұрақты даму және БМЖ саласындағы тиісті құзыреттілігін қамтамасыз ету;

4) мүдделі тараптардың (стейкхолдерлердің) картасын және олармен өзара іс-қимыл жасау жолдарын әзірлеуді және жаңартуды қамтамасыз ету;

5) тұрақты даму саласындағы, оның ішінде мерзімді есептілік шеңберінде Директорлар кеңесіне/Директорлар кеңесінің комитеттеріне ұсынылатын іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу

«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдардың қызмет ауқымы көптеген адамдардың мүдделерін қамтиды, елдің бүкіл экономикасын өркендету үшін стратегиялық маңызы зор.

Осыдан «Самұрық-Қазына» АҚ тобының қызметінде мынадай бірқатар аса маңызды қағидаттар туындайды: қоғам мүдделеріне мұқият көңіл бөлу, облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тұтастай ықпал ету, оларда қолайлы іскери ахуал құру, лайықты еңбек жағдайын, адамдардың әлеуметтік және рухани игілігін қолдау.

Осыған байланысты компания экономикалық жағына да, әлеуметтік жағына да басым назар аудара отырып, өз бизнесін орнықты дамытуды қамтамасыз етуге ұмтылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы мынадай әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанады: жаңа жұмыс орындарын құру, қызметкерлерге арналған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, демеушілік пен қайырымдылық, экологиялық және білім беру акцияларын жүргізу.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның демеушілік пен қайырымдылық қызметі рухани және ұлттық құндылықтарды жандандыруға, мәдениетті, ғылым мен білімді қолдауға, ғылыми-техникалық прогреске ықпал етуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, қорғалмаған тұрғындар бөлігі мен табысы төмен азаматтарға көмек көрсетуге және спортты қолдауға бағытталған.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдардың қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі бірыңғай саясатын «Samruk-KazynaTrust» Корпоративтік Қоры жүзеге асырады (info@sk-trust.kz).

«Samruk-Kazyna Trust» — Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызды бағдарламалар мен жобаларды іске асыратын, «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қорының компаниялар тобы жанында құрылған әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Samruk-Kazyna Trust» Қазақстан Республикасы Үкіметімен тығыз ынтымақтаса отырып, мынадай бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларын іске асырады:

  • әлеуметтік және медициналық секторда адамдарға, қоғамдастықтарға көмектесу
  • медиа, мәдени қоғамдастық пен адами әлеуетті дамыту
  • еңбек және ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту, қоғамның орнықты дамуына инвестициялар салу
  • өңірлік және бизнес-бастамаларды қолдау

«Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметі туралы толық ақпаратпен ресми www.sk-trust.kz  сайтында танысуға болады.

Электр энергетикалық компаниялар үшін КӘЖ: бизнес тиімділігін арттырамыз КСО – КӘЖ (корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік)

2023 жылғы 25 тамызда S&P Global тәуелсіз рейтингтік агенттігі «KEGOC» АҚ-ға 51/100 деңгейінде S&P Global CSA Score 2023 ESG-рейтингін берді.

S&P Global CSA Score 2023 (Corporate Sustainability Assessment - Корпоративтік тұрақтылықты жаһандық бағалау) - рейтингтік агенттіктің тұрақты дамудың үш негізгі сегменті негізінде есептелген Компания қызметін бағалауы: экология (E), қоғам (S), корпоративтік басқару(G), олардың әрқайсысы тиісті шағын сала үшін маңыздылығына қарай бағаланады. Осы үш көрсеткіштің әрқайсысы ESG мәселелері бойынша ұқсас компанияларға қатысты Компанияның қызметін тереңірек бағалауды қамтиды.

SPGlobalReiting.png

Жедел желі

Кері байланыс