«KEGOC» АҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметті өзінің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі деп қарайды. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау — «KEGOC» АҚ Экологиялық саясатының негізгі қағидаты.
«KEGOC» АҚ-ның Экологиялық саясаты қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуға, көміртегі ізін азайтуға, экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, Қазақстан Республикасының ҰЭТ-ын дамыту кезінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілікке, энергияны үнемдеуге және Компания қызметінде табиғи және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған. Экологиялық саясат «KEGOC» АҚ-ның барлық жұмыскерлеріне, сонымен қатар өнім берушілеріне, мердігер ұйымдар жұмыскерлеріне және жасалатын шарттарда көрсетілген талаптармен Компания объектілерінде қызмет көрсететін ұйымдарға қолданылады. «KEGOC» АҚ басшылығы Экологиялық саясатқа сәйкес қабылданған үнемі жақсарту және ластанудың алдын алу бойынша міндеттемелерді іске асыру, сонымен қатар қолданылатын заңнамалық және «KEGOC» АҚ өзінің экологиялық аспектілері бөлігінде қатысы бар басқа да талаптарға сәйкестік үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Компанияның әрбір жұмыскері, сонымен қатар Компания мүдделері үшін жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың қызметкерлері «KEGOC» АҚ-ның Экологиялық саясатымен таныстырылған.
Компанияда «KEGOC» АҚ-ның Біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде әрекет ететін «Экологиялық менеджмент жүйесі» енгізіліп, ISO 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификатталған. Компанияның өндірістік және экономикалық қызметінің экологиялық аспектілеріне тигізетін әсерін күшейтуге мүмкіндік беретін басқарудың жаңа әдістерін қолдану оны енгізу мен әрекет етуінің негізгі мақсаты болып табылады.
2023 жылғы қыркүйекте «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан Республикасының БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу» жобасының ТЭН-і бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Жоғарыда аталған жоба бойынша тыңдаулар «Қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеп» материалдары негізінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына толық сәйкестікпен Ақтөбе және Атырау қалаларында жергілікті атқарушы органдардың, экология департаменттерінің, жұртшылықтың, мүдделі мемлекеттік энергетика және ТКШ органдары өкілдерінің қатысуымен өткізілді. 2023 жылдың қазанында «KEGOC» АҚ «Қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеп» бойынша оң қорытынды алды.