«KEGOC» АҚ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі міндеттері тұтынылатын отын-энергетикалық ресурстардың көлемін азайту, оның ішінде «KEGOC» АҚ объектілерінің өз қажеттіліктеріне энергия ресурстарының шығынын азайту, оны ҰЭТ арқылы жеткізу кезінде электр энергиясының технологиялық шығыстарын азайту, энергия шығындарын бақылау механизмдерін жетілдіру және Компания объектілерін электр энергиясын есепке алу құралдарымен жарақтандыру және басқа да отын-энергетикалық ресурстар, есепке алу аспаптарының деректері негізінде ақпарат жинау процесін ұйымдастыру болып табылады.
2023 жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну, ГДж
Электр энергиясы |
10 620 994,79 |
Жылу энергиясы |
78 876,88 |
Жанармай |
117 944,77 |
оның ішінде: |
|
|
39 368,35 |
|
75 205,83 |
|
3 066,10 |
|
304,49 |
БАРЛЫҒЫ |
10 817 816,44 |
2023 жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда желіге босату көлемінің артуына байланысты электр энергиясын тұтынудың артуы есебінен және сәйкесінше электр энергиясының ысыраптары, сондай-ақ, натуралды бірліктерден Джоульге көшіру бойынша нормативтік құжаттарды жаңарту байланысты көлемінің артуы 443 188,44 ГДж-ға өсті.
2023 жылы меншікті энергия тұтыну ГДж/мың теңге түсімінен есептегенде 0,043 ГДж құрады.
|
2019 жыл |
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
Электр энергиясын тұтыну |
2 917,43 |
2 796,76 |
3 059,92 |
2 824,90 |
2 950,28 |
оның ішінде ЖЭК-тен |
163,58 |
162,67 |
32,41 |
14,23 |
205,71* |
* «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2023 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген өзгерістерге байланысты 2023 жылы Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясын ҰЭТ-на қосылған барлық энергия өндіруші ұйымдардан, оның ішінде ЖЭК-тен сатып алады. Осыған байланысты бұл көрсеткіш электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК-пен өндірілген электр энергиясының үлесіне негізделген есептеу арқылы алынды
Энергия тұтынуды азайту тұрғысынан ең үлкен нәтиже электр желілері арқылы жеткізу бойынша электр энергиясының технологиялық шығынын азайту шаралары болып табылады.
Қазақстанның электр энергетикалық жүйесі негізінен Солтүстік аймақта қуатты энергия көздерінің шоғырлануымен және ұзартылған (шамамен 1 000 км) транзиттік электр жеткізу желілерінің болуымен сипатталады (транзиттердің негізгі бағыттары - Қазақстанның Солтүстігі – Оңтүстігі, Павлодар облысы – Ақтөбе облысы) – бұл елдің үлкен аумағымен байланысты және электр энергиясының технологиялық шығынының (техникалық шығындардың) деңгейіне айтарлықтай әсер етеді. «KEGOC» АҚ желісіндегі техникалық шығындар көрші мемлекеттердің энергия жүйелерінің жұмыс режимдеріне (электр энергиясының транзиті, экспорты және импорты) және климаттық жағдайларға да байланысты.
Бұл ретте электр энергиясының техникалық ысыраптары электр желілері арқылы электр энергиясын жеткізу кезінде орын алатын сымдар мен электр жабдығындағы физикалық процестермен шартталған электр энергиясының ысыраптары екенін есте ұстаған жөн, тиісінше электр желілеріндегі электр энергиясының ысыраптарын азайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен өткізудің негізгі мақсаты болып электр энергиясының техникалық ысыраптарының нақты мәнін олардың оңтайлы деңгейіне жеткізу табылады.
Климаттың өзгеруі электр энергиясын жеткізу кезінде артық ысыраптарының пайда болу тәуекеліне әкелуі мүмкін. Сондықтан Компания осы тәуекелді азайту, сонымен қатар электр энергиясының ысыраптарын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде климаттық факторларға талдау және «KEGOC» АҚ желісіндегі электр энергиясының нақты ысыраптарына талдау жүргізеді.
Қазақстан Республикасы БЭЖ режимдерін басқару аясында электр энергиясының ысыраптарын төмендету бойынша іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2023 жылы электр энергиясының шығысын төмендету 4,058 млн кВт·сағатты құрады.
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес «KEGOC» АҚ мен "Incom Company" ЖШС арасында энергетикалық аудит жүргізуге шарт жасалды, оның қорытындысы бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайту әлеуеті 4 977,522 т. у. көлемінде. т. келесі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтиды: