Суға әсері

Компанияның технологиялық процесінде су пайдаланылмайды. «KEGOC» АҚ-да суды тұтыну көлемі шамалы, және Компания қызметі су көздеріне айтарлықтай әсерін тигізбейді. Компания тұрмыстық тұтыну үшін суды қалалық сумен жабдықтау жүйесінен пайдаланады және суды жер үсті көздерінен (өзендер, көлдер және т.б.) жинамайды. 7 ЖЭТ филиалының объектілерінде артезиандық сумен жабдықтау жүйесі бар, ұңғымалар алынған арнайы суды пайдалануға рұқсаттарға сәйкес пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ұңғымалардың су жинағышында жер асты суларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіліп тұрады.

«KEGOC» АҚ-ның су тұтыну көрсеткіштері, млн. м3

Су тұтыну

2019

2020

2021

2022

2023 

Ұңғымалардан

0,037

0,048

0,056

0,052

0,041

соның ішінде, су тапшылығы бар өңірлерден*

0,009

0,008

0,008

0,008

0,009

Қалалық сумен жабдықтау жүйелерінен

0,085

0,079

0,075

0,087

0,064

соның ішінде, су тапшылығы бар өңірлерден*

0,011

0,009

0,009

0,010

0,196

Су тұтыну жиыны

0,122

0,127

0,131

0,140

0,105

соның ішінде, су тапшылығы бар өңірлерден*

0,020

0,017

0,017

0,018

0,295   

* су тапшылығы бар аудандарға Су стресі картасына сәйкес «KEGOC» АҚ Оңтүстік және Батыс ЖЭТ филиалдарының аумақтары жатқызылған.

Май толтырылған жабдықта пайдаланылатын трансформатор майы, сонымен қатар шаруашылық қажеттіліктер үшін суды пайдалану нәтижесінде қалыптасатын ағынды сулар Компания объектілеріндегі су объектілері мен топырақтың ластануының ықтимал көзі болып табылады. «KEGOC» АҚ-ның жабдығын таңдаған кезде оның экологиялылығы басым критерийлерінің бірі болып табылып, май ажыратқыштарды элегазды және вакуумды ажыратқыштарға ауыстыру жоспарлы түрде жүргізілуде, ал бұл ЖЭТ филиалдарының ҚС-да пайдаланылатын трансформатор майының көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Майсыз жабдықты қолдану сенімділікті, өрт қауіпсіздігін арттырады, жер асты су мен топырақтың ластануын болдырмайды. Маймен толтырылған жабдық майдың топыраққа түсуін болдырмайтын май қабылдағыш құрылғылармен немесе тегендермен жабдықталған. Май қабылдағыштардың үйіндісі үнемі тексеріліп тұрады.

Қалалық сумен жабдықтау жүйелерінен алынған пайдаланылған су қалалық кәріз жүйелері арқылы жойылады, ұңғымалардан пайдаланылған су мамандандырылған ұйымдарға жою үшін беріледі. Айналмалы су мен жабдықтау жүйесі жоқ. Ағынды суларды су объектілеріне және жергілікті жердің рельефіне ағызу жүзеге асырылмайды.

 

Жедел желі

Кері байланыс