Ауаға әсері

«KEGOC» АҚ қызметі ауаның ластануына айтарлықтай әсер етпейді. Компанияның ЖЭС-тің барлық 9 филиалы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның шешіміне сәйкес IV санаттағы объектілермен айқындалған, яғни Экологиялық кодекске сәйкес қоршаған ортаға ең аз әсер ететін объектілер болып табылады.

Ластаушы заттардың шығарындылары, тонн 

2023

Азат оксидтері (NOx)

0,405670

Күкірт диоксиді (SОx)   

0,059297 

Қатты бөлшектер (PM)

0,252290

Көміртек оксиді (СО)

0,290421 

Ұшпа органикалық қосылыстар      

0,179161


Ластаушы заттар шығарындыларын есептеу Қазақстан Республикасының ластаушы заттар шығарындыларын есептеу әдістемесіне сәйкес жабдықтың әрбір бірлігінің жұмыс уақыты мен материалдардың шығынын есепке ала отырып, есептеу әдісімен жүргізілді.

Компания өз қызметінде климаттың өзгеруіне әсер ететін озонды бұзатын заттардың шығарындыларын жүзеге асырмайды.

Төмен көміртекті даму 

«KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді перспективада жаңартылатын энергетиканы одан әрі дамыту үшін жағдай жасауды ескере отырып, желілік инфрақұрылымды дамытып, оның ішінде «жасыл жобаларды» іске асыра отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күреске өз үлесін қосады, бұл Қазақстан Республикасында парниктік газдардың елеулі шығарындыларын жанама түрде болдырмауға мүмкіндік береді.

2021 жылы өтпелі климаттық тәуекелді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын, «Самұрық-Қазына» АҚ төмен көміртекті даму тұжырымдамасын және «KEGOC» АҚ Даму жоспарын ескере отырып, Компания «KEGOC» АҚ-ның 2031 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасын (Бағдарлама) және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі пайымды әзірледі.

«KEGOC» АҚ-да парниктік газдардың тікелей шығарындыларының (Scope 1) негізгі көздері:

  • мобильді көздер-өндірістік қызметтің негізгі түрлерін, оның ішінде пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары;
  • стационарлық көздер – байланыс құралдарының авариялық жағдайларында, сондай-ақ пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын стационарлық және тасымалданатын электр станциялары мен электр энергиясының генераторлары.
  • «KEGOC» АҚ ЖЭТ филиалдарының ҚС қажетті жабдығы болып табылатын элегаздық ажыратқыштар.

Жанама шығарындылар көздеріне (Scope 2) мыналар жатады:

  • Компания сатып алатын, технологиялық мақсаттарға пайдаланылатын электр энергиясын өндіру кезінде пайда болатын, соның ішінде электр энергиясын Қазақстан Республикасының ҰЭТ арқылы жеткізу кезінде (жеткізу кезіндегі ысыраптар), сондай-ақ ғимараттарды, үй-жайларды, аумақтарды жылыту, жарықтандыру қажеттіліктеріне және т. б. электр энергиясының технологиялық шығынын өтеу үшін шығарындылар.
  • өндірістік және өндірістік емес үй-жайларды жылыту қажеттіліктері үшін пайдаланылатын компания сатып алатын жылу энергиясын өндіру кезінде пайда болатын шығарындылар.

Бағдарламада 2031 жылға дейінгі төмен көміртекті даму мақсаттарына қол жеткізу индикаторлары тіркелген:

1. Scope 1 төмендеуі: парниктік газдардың тікелей шығарындыларының көлемін 2%-ке төмендетуге қол жеткізу үшін іштен жану қозғалтқыштары бар жеңіл автокөлікті төмен көміртекті отынмен (электромобильдер, LPG) ұқсас көлік түрлеріне кезең-кезеңімен ауыстыру;

2. Scope 2 төмендеуі: қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЖЭК жобаларын іске асыруды қолдаудың елдік схемасын және/немесе сатып алынатын электр энергиясындағы үлесіне 20% деңгейінде қол жеткізу үшін қолданыстағы және перспективалы ЖЭК объектілерімен екіжақты келісімшарттарды жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес «Экономиканың реттелетін секторларында парниктік газдардың квоталанатын шығарындыларының көлемі жылына жиырма мың тонна көміртегі диоксидінен асатын қондырғы квоталанатын қондырғы деп танылады». «KEGOC» АҚ квоталау субъектісі болып табылмайды.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның «Климаттың өзгеруі туралы» негіздемелік конвенциясының, Киото хаттамасының, Париж келісімінің талаптарына сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ жыл сайын парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есеп әзірлейді.

Шығарындылар көрсеткіштері 1

Шығарындалар

ЖИЫНЫ
(т CO2-экв)

CO2
(т)

CH4
(т CO2-экв)

N2O
(т CO2-экв)

SF6
(т CO2-экв)

Тіке (Scope 1) 

10 339

8 610,62

 43,70

110,62

 1 574,50

Жанама (Scope 2)

2 748 431

2 748 431 

-

-

-

Шығарындылар

2021

2022 

2023 

Scope 1 

9 144

8 887 

10      339 

Scope 2

2851 258

2 632 728 

2       748  431 

Scope 1+ Scope 2

2 860 402

2 641 615 

     2      758      770    

Парниктік газдар шығарындыларының жалпы қарқындылығы (Scope 1 и Scope 2), т СО2-экв/мың теңге

0,011


1 «KEGOC» АҚ парниктік газдар шығарындыларының көлемін үшінші тарап 2023 жылғы жылдық есепті тәуелсіз тексеру шеңберінде растады. 

2023 жылғы мамырда экологияны жақсартуға және көміртегі ізін азайту саласындағы әлемдік трендтерді қолдауға үлес қосу мақсатында Компания қызметкерлері Астана қаласында 105 ағаш көшетін отырғызды, оларға күтім жалғасатын болады. Үйеңкі ағаштарының көмірқышқыл газының шығарындыларын сіңіру қабілеті жоғары болғандықтан, отырғызу үшін үйеңкі көшеттері таңдалды.

 

Жедел желі

Кері байланыс