ЭКН субъектісінің ЭКЕАЖ-ын қосуға техникалық шарттар алу
ЭКЕАЖ құру бойынша бірінші қадам «KEGOC» АҚ Пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директорының атына жазылған субъектінің ресми өтінімі бойынша берілетін ЭКН субъектісінің ЭКЕАЖ-сын ҚР ЖО ЭКЕАЖ-сына қосуға техникалық шарттарды (бұдан әрі-ТШ) алу болып табылады. ТШ алу үшін ЭКН субъектісі желілерінің бір желілік электр схемасын, сондай-ақ жобаланатын ЭКЕАЖ-ға қосу жоспарланып отырған электр энергиясын есепке алудың барлық нүктелерінің техникалық және метрологиялық деректерін ұсыну қажет.
Жүйені жобалауға арналған техникалық тапсырманы әзірлеу
ЭКН субъектісі қосуға ТШ-ны алған соң ЭКЕАЖ-ны жобалауға арналған техникалық тапсырма (одан әрі – ТТ) әзірленуі тиіс. ТТ-ны Тапсырыс беруші өзі немесе ЭКЕАЖ-ны жобалауда тәжірибесі бар мамандандырылған ұйым әзірейді.
ТШ-ны келесі қосымшалармен ресімдеу қажет:
Тапсырыс берушінің ТТ-ны бекітуі ТТ әзірлеудің нәтижесі болып табылады. Тапсырыс беруші бекітілген ТТ-ны (үш данада) Пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директордың атына жазылған ілеспе хатпен бірге келісу үшін жіберуі тиіс.
Жүйенің техникалық жобасын мен жұмыс құжаттамасын әзірлеу
ҚР ЖО ТТ-ны келіскеннен кейін ЭКН субъектісі ЭКЕАЖ құру бойынша Техникалық жоба (бұдан әрі – ТЖ) әзірлеуі тиіс. ЭКЕАЖ ТЖ-да ЭКЕАЖ ТЖ-жа көзделген барлық мінеттер нақты сипатталуы тиіс.
ЭКЕАЖ-ның жобалық шешімі стандарттарда көзделгеннен өзге келесі бөлімдерді қамтуы тиіс:
Тапсырыс берушінің «Техникалық жобаны» бекітуі «Техникалық жоба» құжаттарын әзірлеу нәтижесі болып табылады.
Тапсырыс беруші бекітілген «Техникалық жобаны» (үш данада) Пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директордың атына жазылған ілеспе хатпен бірге келісу үшін жіберуі тиіс. Техникалық жоба келісілгеннен және монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге шарт жасалғаннан кейін Орындаушы жұмыс құжаттамасын әзірлейді.
Монтаждау мен іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу
ЭКН субъектісінің ЭКЕАЖ-ның тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауларға дайындығы «Монтаждау мен іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу» кезеңінің нәтижесі болуы тиіс.
Тиісті сынақтарды жүргізіп, тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру
ЭКЕАЖ-ны тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау ЭКЕАЖ-ны құрудың ең маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл рәсім компоненттердің техникалық, функционалдық және метрологиялық сипаттамалары мен тұтастай ЭКЕАЖ-ның Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкестігі/сәйкессіздігін анықтауға мүмкіндік береді (ҚР ЭМ 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығымен бекітілген және ҚР ӘМ 2015 жылы 6 мамырда № 10957 тіркелген).
Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың айқындығы үшін комиссияға Тапсырыс берушінің, Жоба орындаушысының, ҚР Жүйелік операторының өкілдері, сонымен қатар Мемлекеттік энергетикалық бақылау комитетінің, Мемстандарттың және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері жұмылдырылады. Комиссия ҚР ЖО бекіткен және келісілген Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар бағдарламасы бойынша ЭКЕАЖ-ны тексереді және ЭКЕАЖ-ны тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы шешім шығарады немесе анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктерді жою үшін мерзім белгілейді.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар актісінің негізінде ЭКН субъектісі жүйенің ТӨП-ге енгізу туралы бұйрық шығарады және бұйрық көшірмесін ҚР ЖО-на жібереді.
ЭКЕАЖ-ны тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану процесінде іркілістер немесе істен шығу анықталған жағдайда, ЭКН субъектісі оларды жою бойынша шаралар қабылдайды және ҚР ЖО-ға ЭКЕАЖ-ны қайтадан тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға беруге дайындығы туралы хабарлайды.
Өнеркәсіптік пайдалануға енгізу
Бұл рәсім Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында регламенттелген.