Персоналды дамыту

«KEGOC» АҚ-да жұмыскерлерді оқытуға және дамытуға бағытталған инвестициялар Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Әрбір жұмыскер жеке даму жоспарына сәйкес 70/20/10 қағидатының негізіндегі өзінің оқуы мен дамуына жауапты болады.

Білімді жүйелеу, жоғары сапалы кадрлық әлеуетті құру өздігінен даму, оқыту іс-шаралары, тәлімгерлік, коучинг, іске асырылып жатқан жобалар, кәсіби қоғамдастықтарды қалыптастыру арқылы жүзеге асады.

Жеке даму жоспарларының ескерілуімен қажеттіліктерді жинау және талдау нәтижелері бойынша «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылға арналған персоналды оқыту жоспары және «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылға арналған персоналдың кәсіптік құзыреттерін дамыту бағдарламасы қалыптастырылып бекітілді.

Персоналды оқыту заманауи оқыту әдістерінің бүкіл спектрінің пайдаланылуымен жүзеге асырылады: бизнес-практикумдер, семинарлар, тренингтер, тағылымдамалар, біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау бағдарламалары, форумдар, конференциялар.

Есептік жылы 3 817 жұмыскер оқытудан өтті, бұл жұмыскерлердің тізімдік санының 85,8%-ын құрайды. «КЕGOC» АҚ-ның 2023 жылы оқуға жұмсалған нақты шығындары 283,5 млн теңгені немесе жоспардың 32%-ын құрады, бұл 2022 жылғы орындаудан 55,3%-ға жоғары.

 

ӘБҚ

ӨҚ

Ерлер

102 

3 056

Әйелдер

226

433

ЖИЫНЫ

328

3 489

2023 жылы 1 жұмыскерге шаққандағы оқу сағаттарының орташа жылдық саны 25,96 сағатты құрады. Оқу сағаттарының жалпы саны 115 410 сағатты құрады.

 

Ерлер

Әйелдер

ӘБҚ

ӨҚ

Оқу сағаттарының жалпы саны

102 936

12 474

10 047

105 363

1 жұмыскерге шаққандағы оқу сағаттарының орташа саны

30,2

12

18,2

27,1


Есептік жылы бекітілген оқу жоспарына сәйкес персоналды оқыту 283,49 млн теңге жалпы сомасына жүргізілді.

Тақырыптары

млн теңге

Заңнамаға сәйкес міндетті оқыту

33,01 

Электр энергетикасы

24,20

Телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар

5,26 

Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік, экология және ESG

27,37

Жедел диспетчерлік басқару 

15,20 

Жобаларды басқару

10,40 

Қаржы, экономика, бухгалтерлік есеп 

7,50 

Өзгелері 

54,26

Жиыны (іссапар шығыстарын қоспағанда) 

177,2 


Компанияда 2023 жылы келесі бағдарламалар іске асырылды:

Перспективалы қызметкерлерді дамыту бағдарламасы

Мақсаты: жоғары әлеуеті бар талантты қызметкерлерді көтермелеу, ынталандыру және дамыту.

- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің және Компания басшылығының таланттар пулымен жыл сайынғы кездесулерін өткізу.

Екі күндік бағдарлама аясында эмоционалды интеллект және коммуникация, ESG негіздері және ойын-сауық пен қимыл-қозғалыс ойындар элементтерімен өндірістік қауіпсіздік тақырыбында тренингтер өткізілді.

Бұл бағдарлама келесі дағдыларды дамытуға бағытталған:

  • жұмыста және жеке өмірде эмоционалды интеллекттің құндылығын түсіну
  • эмоционалды интеллект құрылымының әр бөлігінің мақсаты мен міндеті туралы хабардар болу
  • өз эмоцияларыңызды басқару құралдарын тәжірибеде қолдану
  • эмоционалды интеллект құрылымымен танысу
  • қиын жағдайларда мінез-құлықтың сындарлы моделін игеру
  • бекітілген ЖДЖ сәйкес оқытуға инвестициялар

 https://sknews.kz/news/view/molodeghi-kegoc--o-proizvodstvennyh-otnosheniyah

 https://www.kegoc.kz/press-center/press-releases/162338/

Бағдарламаға 45 адам қатысты

Жас көшбасшыларды дамыту бағдарламасы

Мақсаты: жас көшбасшыларды дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ коммуникациялық байланыстарды жолға қою.

- «Жеті Қадам» жас көшбасшыларды дамытудың модульдік бағдарламасы.

https://sknews.kz/news/view/v-ao-samruk-kazyna-podveli-itogi-programmy-razvitiya-molodyh-liderov-gheti-kadam

- «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының өндірістік объектілеріне, олардың ЕТҰ мен филиалдарына баруды қамтитын даму бағдарламасы.

Кездесулер Алматы, Атырау, Ақтау, Павлодар, Астана, Қызылорда қалаларында өтті.

https://sknews.kz/news/view/0-67-molodye-inghenery-samruka---na-promploschadkah-pavlodara

Бағдарламаға 15 адам қатысты

IR бағдарламасы (өндірістік қатынастар).

Мақсаты: IR дамуының негізгі ережелері мен тетіктерін түсіндіру, коммуникацияларды жақсарту және қызметтің осы бағытын ілгерілету.

- «IR маманы» тақырыбы бойынша модульдік оқыту бағдарламасы.

Оқу бағдарламасы 5 модульден тұрды, 3 жұмыскер оқытылды.

- 9 филиал жұмыскерлеріне арналған «IR санитарлық-гигиеналық нормативтер» тақырыбы бойынша оқыту бағдарламасы.

https://sknews.kz/news/view/zavershilasy-programma-obucheniya-ir-specialistov-gruppy-kompaniy-ao-samruk-kazyna

Бағдарламаға 12 адам қатысты 

2023 жылы ішкі тренерлер институты енгізілді. «Ішкі тренерлерге арналған тренинг» атты ішкі тренерлер оқытуы ұйымдастырылды. Компанияның құрылымдық бөлімшелерінен ішкі оқытуға деген қажеттіліктерді жинау бойынша жұмыс жүргізіліп, бір жылға арналған ішкі оқыту кестесі бекітілді. 2023 жылы ішкі жаттықтырушылармен 5 оқыту өткізілді.

Тәжірибеден өту үшін базаны қамтамасыз ету мақсатында Компания оқу орындарымен тұрақты негізде бірлесе жұмыс істейді. Жыл сайын орта техникалық және жоғары оқу орындарының студенттері Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік және диплом алды тәжірибеден өтіп тұрады. 2023 жылы 345 студент өндірістік тәжірибеден өтті.

Компанияның қажеттіліктеріне сәйкес кадрлық әлеуетті арттыру және мансаптық өсудің айқындығын қамтамасыз ету мақсатында дарындарды басқару жүйесі құрылды.

Жыл сайын нәтижелерді бағалау нәтижелері бойынша дарындылар пулының құрамы жаңартылып отырады. Есептік жылы 219 адамды құрайтын Менеджмент және Функционалдық пулдар, сондай-ақ негізгі лауазымдар тізбесі мен тәлімгерлер тізімі бекітілді.

Осы процестің тиімділігін анықтау үшін «Функционалдық/Менеджмент пулынан тағайындаулар пайызы» көрсеткіші пайдаланылады, ол есепті кезеңде 75%-ды құрады.

Келешегі зор жұмыскерлерді дамыту мақсатында «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің және Компания басшылығының таланттар пулының мүшелерімен жыл сайынғы кездесулері өткізіліп тұрады. 2023 жылы екі күндік бағдарлама аясында ойын-сауық және іс-қимылды ойындар элементтері бар эмоционалдық интеллект және коммуникация тақырыбы бойынша тренингтер өткізілді.

Жұмыскерлерді кәсіби бағдарлаудың кешенді процессін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлерге олардың кәсіби өсуіне көмектесу үшін Компанияда тәлімгерлік жүйесі әрекет етеді. 2023 жылы тағылымдамадан өтушілерді дайындағаны үшін 47 тәлімгерге 6 326,3 мың теңге көлемінде сыйақы төленді.

Жастарды тәрбиелеуде үздік нәтижелерге қол жеткізген тәлімгерлер «Жылдың үздік тәлімгері» атағының берілуі үшін жыл сайынғы байқауға қатысады. Есепті жылы байқаудың жеңімпазы болып «КЕGОС» АҚ филиалы «Орталық ЖЭЖ» АҚ Балқаш ЖЭС-тің РҚжӨА өндірістік тобының жетекші инженері А.Б. Лемешко атанды.

Жедел желі

Кері байланыс