Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2026 жылғы 2 наурызда «KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BBB» инвестициялық деңгейінде растады.
Fitch Ratings түсіндірмесінде «KEGOC» АҚ капитал құрылымының сенімділігі және компанияның қаржылық бейінінің тұрақтылығын қолдайтын жеткілікті қаржылық икемділік атап өтілді.
KEGOC қаржы-шаруашылық қызметінің тұрақты көрсеткіштері Fitch Ratings-тің компанияны мемлекеттік рейтинг деңгейінде бағалауына мүмкіндік береді.
Баспасөз хабарламасының ағылшын тіліндегі толық нұсқасы Fitch Ratings сайтында орналастырылған.